Азия чемпионаты өз мәресіне жетті

Үндістанның Бхубанешвар қаласында өткен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Төрт күнге созылған құрлық біріншілігінде Қазақстан құрамасы 4 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарыстың соңғы күні спринтерлер үшін сәтті болды. Әйелдер арасында 200 метрге жүгірген Виктория Зябкина биылғы маусымдағы Азиядағы үздік нәтижелердің бірін көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды. Оның уақыт көрсеткіші - 23.10 секунд. Мәреге екінші болып, Шри-Ланка өкілі Румешика Кумари келді. Үздікті үштікті тағы бір жерлесіміз Ольга Сафронова (23.47 сек) түйіндеді. Осылайша, Виктория Зябкина 2017 жылғы Азия чемпионатының үш дүркін чемпионы атанды. 

Ол бұған дейін жекелей сында 100 метрге жүгіруден жеңіске жеткен болатын. Сондай-ақ оның әріптестері Рима Кашафутдинова, Светлана Голендова, Ольга Сафроновамен бірге 4х100 метрге жүгіру бойынша командалық эстафетадан екінші «алтынды» иеленді. Айта кетейік, 8 шілде күні қазақстандық жеңіл атлеттер 100 метрге командалық эстафетаға жүгіруде сары құрлықта өздеріне тең келер ешкімнің жоқтығын дәлелдеген болатын. Қазақстан құрамасының уақыт көрсеткіші - 43.53 секунд. Екінші орында Қытай қыздары (44.50) болса, үшінші орында -  Үндістан (44.57). Төртінші «алтынды» үш қарғып секіруден Мария Овчинникова еншіледі. Ол Азия чемпионатын 13.72 метрмен қорытындылады. 18 жастағы атлет сонымен қатар 4-13 тамыз аралығында Лондонда өтетін әлем чемпионатына жолдама алды. Мариядан бөлек, дәл осы сайыстан қазақстандық тағы бір спортшы Ирина Эктова күміс медаль жеңіп алды. Ол өз кезегінде 13.62 метрге секірді. 

Азия чемпионатынан спринтер Ольга Сафроноваға екі медаль бұйырды. Ол 100 метрде  (11.45 секунд) - күміс, 200 метрде қола жүлде еншіледі. Тағы бір «қоланы» жарыстың екінші күнінде ядро серпуден Иван Иванов олжалаған болатын. Ол Иран мен Үндістан спортшыларын алға жіберіп, ядроны 19.41 метрге лақтырып, үшінші орынға қол жеткізді.  Осылайша, Бхубанешвардағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасына 8 медаль бұйырды. Оның төртеуі –алтын, екеуі – күміс, екеуі – қола. Сөйтіп, жалпы командалық есепте үшінші орынға жайғасты. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"