Ауыспалы кубок табысталды

Ауыспалы кубок табысталды

ҚР Қарулы Күштерінде 2019 жылдың 10-шы маусымынан басталған
«Салауатты өмір салтын насихаттау, маскүнемдікті, есірткі және улы заттарды пайдалануды ескерту» жөніндегі онкүндіктің аясында Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының бөлімдері арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды.  

Салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттап, спирттік ішімдіктерді, есірткі және улы заттарды пайдалануға қарсы иммунитетті одан әрі нығайтуды көздеген футбол жарысы бірнеше сағатқа созылды. Жасақ бөлімдері арасындағы кездесулер тартысты өтті. Нәтижесінде әскери полиция бөлімінің командасы жеңіске жетті. Әскери автомобильдік полиция бөлімі екінші орынды иеленіп, соңғысын анықтау және іздестіру бөлімі қанағат тұтты. Жасақ басшылығы жеңімпаздарды марапаттап, ауыспалы кубокті табыстады.

 

Алуа ИСКАКОВА


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи