Аты аңызға айналған армия футбол командасы қайта тұғырына қонды

Турнир кестесінің рейтингіне сәйкес армияның футбол ойыншылары 17 ұпай жинап бірінші орынды иеленді, екінші орынға 16 ұпаймен алматылық «Қайрат» жастар футбол командасы табан тіреген болса, ал «Астана» жастар клубының ойыншылары 15 ұпаймен үздік үштікті тұйықтады.

Екі жыл өткен соң армияның футбол командасы үздік позициядан көрінгендер Қазақстан біріншілігінде екінші лига команадалары арасында ойнайтын болады. Спорт комитетінің төрағасы – Армия орталық спорт клубының бастығы полковник Расул Мейірманов әскери-қолданбалы және олимпиадалық спорт түрлерінен өзге армияда жастар арасында анағұрлым танымал болып, дамып келе жатқан спорт түрін атап өтті. «Осы жылдың басында ҚР Қорғаныс министрлігінің бастамасымен Қазақстан біріншілігінің екінші лигасында армияның намысын қорғайтын «ЦСКА» футбол командасын қайта жаңғырттық. Бүгінгі күні жастар командалары арасында армиялықтар көш бастап тұр. Жігіттер көк алаңда өз шеберліктерін мен кәсіби ойын көрсетіп жақсы нәтижелер көрсетуде. Оқу-жаттықтыру жиыны барысында қойылған міндеттер жүз пайыз орындалды», - деді Спорт комитетінің төрағасы – АОСК бастығы. Жалпы команда сегіз кездесу өткізді, оның алтауын жеңіспен аяқтап, екі ойында тең түсті. АОСК спортшыларының соңғы кездесуінде «ЦСКА» командасы Оралдық «Ақжайық-М» футбол командасын 2:0 есебімен жеңген болатын. Армия орталық спорт клубының футболистері ҚР ҚМ АОСК оқу-жаттықтыру орталығының базасында жаттығып жүргенін айта кеткен жөн. Құрамында 25 ойыншы бар команданы футболдан еңбек сіңірген жаттықтырушы Қошқарбаев Нұрбол Мергенбайұлы басқарады.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"