Астанада оқ атуда, жүгіру мен жүзудегі үздік әскери қызметшілерді марапаттады

Астанада офицерлік үшсайыс бойынша Чемпионатта оқ атуда, жүгіру мен жүзудегі үздік әскери қызметшілерді анықтады. Сайысқа департамент, бас басқарма және Ақмола өңірлік гарнизоны әскери бөлімдерінің 12 командасы құрамында 100-ден аса әскери қызметші қатысты.

Офицерлік үшсайыс жарыстың үш түрін қамтиды. Макаров тапаншасынан оқ ату, жүгіру және жүзу. Әрбір пән белгілі бір шеберлік пен жақсы дене даярлығын қажет етеді. Жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін әскери үшсайысшылар жан-жақты дамыған болуы қажет. Офицерлік үшсайыста өнер көрсетуге дайындалу спринтерлік сүңгуді еңсеру үшін күш пен жылдамдықты, шыдамдылық – жүгіру үшін, ал оқ ату дәлдік пен мықты қолды қажет етеді. Чемпионаттың қорытындысы бойынша Қорғаныс министрлігі Орталық аппаратының департаменттері арасында Кадрлар департаментінің әскери қызметшілері жеңіске жетті. Бас басқармалар арасында Тыл бастығы басқармасының командасы жеңімпаз атанды. Бүкіл Ақмола өңірлік гарнизоны арасында сайыс қорытындысы бойынша Ұлттық қорғаныс университетінің әскери қызметшілері үздік атанды. Одан кейін ҚР ҚМ Әскери полиция жасағы және Құрлық әскерлері бас қолбасшысының басқармасы. Әскери қызметшілердің айтуынша, жеңіске спорттық қызығушылық қана емес, сонымен бірге, дене және кәсіби тұрғыдағы әзірлікті дәлелдеу қамшылады. Жеңімпаздар өздерінің гарнизонын Қарулы Күштер ауқымында спартакиадада ұсынатыны керемет ынталандыру болып табылады.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"