"Астана" өңірлік қолбасшылығында шаңғы жарысы өтті

"Астана" өңірлік қолбасшылығына қарасты 31775 әскери бөлімінің аумағында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған дәстүрлі көпшілік шаңғы жарысы өткізілді.

  Шараға қатысқан Астана өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысы полковник Қайдар Қарақұлов атап өткендей, өңірлікте қалың бұқараны спортпен айналысуға кеңінен тарту мақсатында жазда жеңіл атлетика, қыста шаңғы жарыстары ұдайы ұйымдастырылып келеді.

 Ұзындығы 500 шақырым болатын шаңғы жарысына осы өңірлікке қарасты әскери бөлімдер мен әскери оқу орындары қатысты. Ерекше белсенділік көрсеткендер марапат қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жарыс нәтижесінде 1- ші орынды 22750, екінші орынды 31775, ал үшінші орынды 55524 әскери бөлімдері жеңіп алды.

Думан Құрманғалиев

Суреттерді түсірген автор


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"