ашық қалалық турнир өтті

Елордада «Beknyr Open Астана» таэквондодан балалар мен кадеттер арасында ашық қалалық турнир өтті. Оған Астана, Ақтау, Көкшетау, Павлодар және Щучинск қалаларынан келген 500-ге жуық жас спортшы қатысты.

АОСК-ның командасы жеке команда болып өнер көрсетті. Олардың құрамында әскери қызметшілердің балалары, СК-ҚР ҚМ АОСК балалар секциясының тәрбиеленушілері бақ сынасты.
«Сайыс нәтижелері – бұл қарамағындағыларымыздың үлкен еңбегі. Себебі, олар осындай белді сайсытарда армиялық клубтың намасын қорғайды. Оның үстіне олар бүгінде АОСК-ның болашақ кадрлық резервісі болып табылады. Сондықтан өздерінің әрбір жарысы алдында үлкен жауапкершілікті сезінеді», - деді құрама бапкері Андрей Кан.  
Турнир қорытындысы бойынша АОСК-ның тәрбиеленушілері таэквондодан сайыста жоғары нәтижелерге қол жеткізе отырып, жоғары әлеуеттерін паш етті. Командалық есепте жас таэквондошылар 10 алтын, 4 күміс және қола медальді еншілеп, бірінші орынға тұрақтады. Өткен жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанның Қарулы Күштерінде әскери қызметшілердің балалары үшін спорттық секциялар жұмыс жасап жатқанын естеріңізге сала кетейік. Онда 6 мен 16 жастағы балалар таэквондоны қоса есептегенде спорттың көптеген әскери-қолданбалы түрлерімен кәсіби тұрғыда шұғылдана алады.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"