Армиялық спортшылар Олимпиада ойындарына қамдануда

Қорғаныс министрлігіне қарасты Армия орталық спорт клубының жеті спортшысы Оңтүстік Кореяда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстанның құрамасы құрамында өнер көрсетеді.

Әскери қызметшілер биатлон мен шаңғы жарысында медальдарды иеленуге бақ сынасады. Қазіргі уақытта биатлоннан штаттық команда спортшылары Италиядағы әлем кубогының кезеңіне қатысуда. Қалған спортшылар жоспарлы дайындықтан өтуде. Ойынға қатысушылар арасында биатлоншылар сержант Алина Райкова, Дарья Климина, Василий Подкорытов және Антон Пантов. Шаңғы жарысында Қазақстан құрамасының намысын сержант Елена Коломина, кіші сержант Евгений Величко, сондай-ақ старшина Николай Чеботько қорғайтын болады. Қысқы Олимпиадада спортшылар спорттың 15 түрінде медальдың 102 жиынтығын ойнататынын естеріңізге сала кетейік.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"