Армиялық спортшылар жеңіс тұғырынан көрінді

Алматыда «Алтын мерген» оқ ату бойынша халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Төрт елдің 200-ден аса спортшысы 16 сайыс түрінде медальдар жиынтығына бақ сынасты. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшылары турнирдің жеңіс тұғырынан көрініп, жүлделі орынды еншіледі.

Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарының қатысушысы АОСК-ның спортшысы Юрий Юрков 50 метр қашықтықта үш қалыпта оқ атудан «алтын» медальді жеңіп алды. «Әртүрлі ауқымдағы және пішімдегі сайыстар – бұл спортшыға халықаралық жарыстарда сәтті өнер көрсету және жаңа рекордтар орнату үшін мол тәжірибе жинақтау үшін мүмкнідік болып табылады», - дейді спортшы.

50 метр қашықтықтағы жатып оқ атудан басты жүлдені майор Игорь Пирикеев иеленді. 25 метрге тапаншадан оқ ату бойынша АОСК құрамасының қоржынын тағы бір алтын медальмен Зәуреш Байбосынова толықтырды.   Спортшы 10 метр қашықтықта пневматикалық тапаншадан оқ атуда күміс жүлде иегері атанды. Үш қалыптан оқ атуда турнирдің қола жүлдесі АОСК-ның ефрейторы Марина Мартинкевичке бұйырды. «Артеменко мемориалы» тау шаңғы спорты бойынша Қазақстанның ашық чемпионатына қатысқан армиялық шаңғышы спортшылар да сайыста үздік нәтижелер көрсетуде. Турнирдің алғашқы жүлделерін ҚР ҚМ АОСК-ның спортшылары алып слалда жеңіп алды. Мария Григорова, Всеволод Борзенков, Виктория Коваленко мен Аяз Ысқақов Қазақстанның чемпиондары атанды. Чемпионаттың күміс жүлдесін Ксения Родионова, Никита Калюжнов пен Вагиф Рамаданов жеңіп алды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"