Армиялық спортшылар Азия чемпионатының жүлдегерлері атанды

Қазақстан Республикасы  Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшылары Ташкентте өткен бокстан Азия чемпионатына қатысу үшін Қазақстан құрамасының құрамына кірді.  

Қазақстан континенттік біріншілікте әртүрлі дәрежедегі сегіз медальді жеңіп алды және сайыстың жалпы командалық есебінде Өзбекстаннан кейін екінші орынды еншіледі.

Сонымен, 56 келіге дейінгі салмақта кіші сержант Қайрат Ерәлиев чемпионаттың қола жүлдегері атанды. Жартылай финалда төрешілердің шешімімен ол қытайлық Жиа Вей Чжанудан жеңіліс тапты. АОСК штаттық командасының тағы бір спортшысы бокстан сайыстың күміс жүлдегері атанды. Шешуші кезеңде 91 келіден жоғары салмақта Қамшыбек Қонқабаев өзбек былғары қолғап шебері Баһадүр Жалоловтан жеңіліп қалды.

Бүгінгі таңда үш армиялық боксшы Гамбургта тамыздың 23-і мен қыркүйектің 3-і аралығында өтетін бокстан әлем чемпионатына қатысуға құқық беретін лицензия алды. 56 келі салмақта кіші сержант Қайрат Ерәлиев, 60 келі салмақта мерзімді қызметтегі сарбаз Әділет Құрметов, 91 келіден жоғары салмақта Қамшыбек Қонқабаев  лицензия жүлдегерлері атанды. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"