Салауатты өмір салтын насихаттау және армиялық қоян-қолтық ұрысты дамыту мақсатында Семей қаласының «Тралан» дене шынықтыру сауықтыру кешенінде «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының кубогына армиялық қоян-қолтық ұрыстан ашық турнир өтті.
Турнирге Семей гарнизоны әскери бөлімдерінің, қаланың полиция басқармасын, «Номад», «Жастар» және «Спарта» спорт клубтарының намысын қорғаған 9 салмақ дәрежесінде 154 спортшы, сондай-ақ қаланың жоғары оқу орындарының студенттері мен Семей қаласының «ITW таэквондо федерациясы» өкілдері қатысты. Турнир қорытындысы бойынша 55 келі салмақ дәрежесінде 1-орынды ефрейтор Нұрзат Қасымханов, 60 келіде 1-орынды майор Азамат Жұмағалиев, 65 келіде 1-орынды қатардағы жауынгер Дулат Қабыкен, 70 келіде 1-орынды ефрейтор Бақытжан Дүйсенбеков, 75 келіде 1-орынды ефрейтор Руслан Өтесінов, 80 келіде 1-орынды аға лейтенант Бекболат Қарлыбай және 85 келіде 1-орынды аға сержант Қалкен Өмірбаев және 85 келіден аса салмақта 1-орынды 2-сыныпты сержант Мәди Молдаханов жеңіп алды. Үздік шеберлігі үшін жүлделі орынды срежант Арнат Нәметов, ал жекпе-жекті жылдам аяқтағаны үшін ефрейтор Бақытжан Дүйсенбеков марапатталды. Аталған әскери қызметшілер «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының құрама командасына кірді және осы жылдың ақпанында Алматы қаласында өтетін Қарулы Күштердің чемпионатында өнер көрсетеді.