Армиялық палуандар Нүркен Әбдіровті еске алу турнирінде жеңімпаз атанды

Армиялық палуандар Нүркен Әбдіровті еске алу турнирінде жеңімпаз атанды

Қарағандыда Кеңес одағының батыры, ұшқыш Нүркен Әбдіровті еске алу құрметіне орай өткен күрестен турнир өз мәресіне жетті. Алты күн бойы еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған балуандар сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтады.

Биылғы жылы 50-ші рет өткізіліп отырған Н. Әбдіровті еске алу турнирінің балуандар үшін маңызы орасан зор. Турнирдің жүлдегерлері мен жеңімпаздары атанған спортшылар ұлттық құрамаға кірді және 2018 жылы өтетін халықаралық турнирлерде еліміздің намысын қорғайтын болады. Армия орталық спорт клубының спортшылары үш алтын және екі қола медальді еншіледі. 65 келі салмақ дәрежесіндегі палуандар арасында Дәулет Ниязбеков чемпион атанды.
Тағы бір «алтынды» 79 келі салмақ дәрежесінде Ғалымжан Өсербаев жеңіп алды. Классиктер арасында 63 келі салмақ дәрежесінде Мейрамбек Айнағұлов үздік атанды. 67 және 77 келі салмақ дәрежелері бойынша Нұртай Нұрғалиев пен Мақсат Ережепов қоржынымызды қола медальдармен толықтырды. Палуандар үшін алдағы жылдың алғашқы ірі турнирі Бішкекте (Қырғызстан) өтетін Азия чемпионаты болатынын айта кетейік. Сондай-ақ келесі жылы әлем чемпионаты және Азия ойындары өтеді.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Итоги подготовки по специальности в войсках

Итоги подготовки по специальности в войсках