Армия орталық спорт клубының таеквондо тарландары

Таеквондо бойынша штаттық команда 2010 жылы құрылды.

Такевондо бойынша штаттық командада 2007 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері (Қытай, Пекин), 2008 жылы әскери қызметшілер арасында өткен СИЗМ әлем чемпионатының (Корея) қола жүлдегері, 2010 жылғы СИЗМ Бүкіләлемдік армия ойындарының (Рио де Жанейро) қола жүлдегері Аслан Батықұлов, 2008 жылы әскери қызметшілер арасында өткен СИЗМ әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2010 жылғы СИЗМ Бүкіләлемдік армия ойындарының қола жүлдегері Екатерина Дмитреева, 2012 жылы әскери қызметшілер арасында өткен СИЗМ әлем чемпионатының (Вьетнам)  қола жүлдегері Мереке Жүнісова, 2014 жылы әскери қызметшілер арасында өткен СИЗМ әлем чемпионатының (Иран) күміс жүлдегері Марат Әбдіқалиев сияқты танымал спортшылар әскери қызметін өткерді.

Таеквондодан ҚР Қарулы Күштері командасының құрамында ҚР ҚМ АОСК әскери қызметшілері Әнуар Үсенов, Алмас Мүкаманов, Исламғали Әбуов, Марат Әбдіқалиев, Руслан Жапаров, Мереке Жүнісова және Сұлтан Қалибекұлы бар.
Естеріңізге сала кетейік, осылардың ішінде Армия спорт клубының ефрейторы Руслан Жапаров, олимпиадалық жолдаманы жеңіп алып, жазда Рио-де-Жанейроға аттанды. Олимпидада  Шығыс жекпе-жегінің хас шебері, ефрейтор Руслан Мемлекеттік Туды ұстап, 38 олимпиадалық спорт түрінің 26-сы бойынша 100-ден астам лицензия ұтып алған ел спортшыларын бастап шықты. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"