Ольга Рыпакова, АОСК спортшысы : "Допинг дауы Олимпиадада көңіл-күйді бұзды""

Солтүстік Қазақстан облысына келген Шығыс Қазақстан облысы делегациясының құрамында 2012 жылғы Олимпиада чемпионы, үш қарғып секіруден Олимпиада ойындарының екі дүркін қола жүлдегері Ольга Рыпакова келді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Спорт ардагерлерімен және жанкүйерлермен кездесуде Ольга болашаққа жоспары, жеке өмір және мансабы жайлы әңгімеледі.

Алғашқы сұрақ, әдеттегідей, медальдар мен Олимпиада жайында болды.

«Жүлделеріме көңілім толады, бірақ мен өзіме жоғары талап қоятын жанмын. Техникалық мәселелер, денсаулығым сыр берген сәттер болды. Дәл осындай нәтиже көрсету бұйырған шығар. Спорттың аты - спорт», - деді Рыпакова.

Соңғы Олимпиада ойындарында жағымды аура спортшыларға ауадай қажет болды. Допинг дауы айтарлықтай көңіл-күйді бұзды. Ольга Рыпакова Олимпиада ахуалының да өзгеше болғанын айтты.

«Ресейлік атлеттердің орны ойсырап тұрды. Олар жүлдеге лайық, мықты спортшылар. Бұл жағдайда бір-бірімізге қолдау білдіргеннен басқа ешнәрсе істей алмаймыз», - деді спортшы.

Ольганың күйеуі Денис те спортшы. Екеуі екі бала тәрбиелеп отыр. Олимпиада чемпионы олардың спорттық мансапты таңдайтынына сенімді. Жеңіл атлетика ма, әлде басқа ма - өздері шешеді, деп санайды Ольга.

«Мен спортшылардың отбасында дүниеге келдім. Әкем - онсайысшы. Оған қоса, менің бапкерім. Жеңіл атлетикамен 8 жасымда, әкем тәрбиелеп шығарған Татьяна Назарованың қарауында айналыса бастадым. Менің қызым да жеңіл атлетикамен айналысты, көрсеткіштері жаман болған жоқ. Бірақ, ол өз таңдауын жасады және қазір волейболмен айналысып жүр», - деді танымал спортшы.

Ольга жеке өмір мен спортты қиыстырудың өте қиын екенін мойындады. Оның ойынша, түсіністікпен қарап, үнемі қолдау білдіретін спорттық жанұяның болуы - үлкен сәттілік. Бос уақытын жеңіл атлетші балаларымен және ана-анасымен өткізеді. Тіпті, кейде балаларын өзімен бірге жарыстарға алып жүреді.

Ольга Рыпакова болашаққа орасан зор жоспар құрмайды. Биылғы тамыз айында Лондондағы Әлем чемпионатына және Азия ойындары мен Токиодағы Олимпиада ойындарына қатысуды жоспарлайды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"