АОСК-ның спортшылары 8 медаль еншіледі

АОСК-ның спортшылары Қазақстанның чемпионатында оза шабуда Қорғаныс министрлігіне қарасты Армия орталық спорт клубының спортшылары тағы да ірі сайыстардың төріне жайғасты. Грек-рим күресі, еркін және әйелдер арасындағы күрестегі Қазақстанның чемпионатында алғашқы күндердің қорытындысы бойынша армияшылар өздерін үздік көрсетіп, 4 алтын, 2 күміс және 2 қола медальді еншіледі.

59 келі салмақта армиялық спортшы Мейрамбек Айнагүл Қазақстанның чемпионы атанды. 75 келі салмақтағы додада чемпиондық атақты АОСК-ның тағы бір спортшысы Мақсат Ережепов жеңіп алды. Дәл осы салмақта Дархан Баяхметов қола жүлдегер атанды. 80 және 85 келі салмақтағы «күміс» жүлдені ефрейтор Дәулет Жақсылықов пен АОСК спорттық ротасының сарбазы Нұрсұлтан Октябрь қанжығалады. 98 келі салмақтағы грек-рим күресінен ҚР ҚМ АОСК штаттық командасының спортшысы Ерұлан Ысқақов қола жүлдегер атанды. Сонымен қатар, чемпионат аясында еркін стильдегі палуандар арасында сайыс өтті. Сайыстың бірінші күнінде АОСК-ның спортшылары екі алтын медальға қол жеткізді. 61 келіге дейінгі салмақтағы армиялық спортшы Дәулет Ниязбеков, сондай-ақ, Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарына қатысқан кіші сержант Ғалымжан Өсербаев 74 келіге дейінгі салмақта Қазақстанның чемпиондары атағын иемденді.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"