Алматыда теннистен жарыс өтуде

Алматыда теннистен жарыс өтуде

Алматыдағы ЦСКА теннис орталығында 14 жастан жоғары спортшылар арасында теннистен Қазақстанның V жазғы спартакиадасы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы аптада Нұр Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарынан келген 100-ден астам теннисшілер өзара сынға түсіп, мықтылар анықталады. Қатысушылар арасында Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері мен атақты спортшылар бар. Атап айтсақ, Тимур Хабибуллин, Денис Евсеев, Григорий Ломакин, Дастанбек Ташбұлатов, Тимофей Скатов, Анна Данилина, Дарья Детковская, Елизавета Карлова, Гозал Айнитдинова,Жібек Кұлмабаева және басқалар. «Жазғы теннис ойындары – бұл біздің спортшылар үшін «кіші олимпиада».Теннистің 4 жылда бір рет өтетін, ірі жарыстарда ұсынылатын 40 спорт түріне енгені қуантады»,-дейді ҚР теннис федерациясының Алматы филиалы директорының орынбасары Андрей Квасов. Алматы қалалық спорт басқармасының бөлім бастығы Әлия Смақова жыл сайын спортшылар мен теннис әуесқойларының санының өсіп келе жатқанын айтты. Ол қатысушыларды спорт мерекесімен құттықтап, барлығына сәттілік тіледі. 10 тамызда Алматыда барлық спорт түрлерінен V жазғы спартакиаданың жабылу рәсімі өтеді.



 

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи