Алғаш рет «Әскер барысы» өтті

Астанада қазақ күресінен Қорғаныс министрлігінің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан барысы» республикалық турниріне іріктеу жарысы өтті.

Жарысқа 16 балуан қатысты. Белдесуде бас жүлдені Талғат Әміренов жеңіп алды. Екінші орынды Арман Әбеуов, үшінші орынды Дархан Дәуітбеков иеленді. «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қорының төрағасы Арман Шораевтың айтуынша, жарыс алғаш рет әскерилер арасында өтті. Бұл белдесудің мақсаты – қазақ күресі қамтылмай жатқан салаларда ұлттық күресімізді насихаттау, күрес десе делебесі қозатын жігіттердің үлкен жарыстарға шығып, көрінуіне мүмкіндік беру. «Қазіргі кезде студенттер, жастар арасында ұлттық күресімізді дамытуды қолға алып жатырмыз. Болашақта қазақ күресін еліміздің барлық салаларында қамтуды мақсат етіп отырмыз», деді Арман Төлегенұлы.

Жеңімпазға алтын белбеу мен 300 000 теңге сыйақы, оның жаттықтырушысына 100 000 теңге сыйақы табыс етілді. Сонымен бірге, ол «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің финалына жолдама алды.
Жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен медаль, диплом тапсырылды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"