Аға сержант Біржан Жақыпов алғашқы жеңісінен кейінгі әсерімен бөлісті

Біржан жақыпов алғашқы жэеңісінен кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Мен үшін алғашқы кездесуім оңайға соққан жоқ. Қарсыласым өте шапшаң қимылдайды. Сондай-ақ, ойламаған жерден оқыс шабулдар жасайды екен. Жалпы, бірінші кездесулер қиындау болады. Алғашында қалай болар екен деп қобалжимыз. Ал, бірінші жекпе-жекті сәтті бастаған соң, екінші және үшінші кездесулерде ондай қатты қобалжу болмайды", - деді боксшы.

Сондай-ақ, келесі қарсыласы туралы да айтып кетті.

"Басы сәтті басталды. Енді келесі кезеңде рингке кіммен болса да, жекпе-жекке шығуға дайынмын. Биыл ел үмітін қалайда ақтауға бар күш-жігерімді саламын" деп атап өтті Біржан Жақыпов

Естеріңізге сала кетейік, Біржан бүгін намибиялық Маттиас Хамуньеламен жұдырықтасып, қарсыласын айқын басымдылықпен ұтқан болатын.

Ал бұған дейін қазақ боксшыларынан Олимпиаданың алғашқы күні бірінші болып шаршы алаңға көтерілген 60 келідегі Берік Әбдірахманов АҚШ боксшысы Карлос Баль Дерастен ұтылып қалған еді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"