Әскери спортшылар спартакиадада топ жарды

Өткен жылдың қысқы және жазғы кезеңдерінде өткізген спорттық шараларымыз толайым табыстарға толы.

Қарулы Күштердің 2016 жылғы дайындық жоспарына сәйкес ҚР ҚМ СК-АОСК, Щучье қаласында ҚР ҚМ Кадет корпусы және АОСК оқу-жаттықтыру орталығы спорттық базаларында, ҚР ҚК XIII Спартакиадасының қысқы кезеңнің әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша: гір екісайысы, қол күрес, шахмат, президенттік көпсайыс (қысқы үшсайыс) және армиялық шаңғыдан шаңғы жарысы бойынша жарыстар өткізілді.

ҚР ҚК Спартакиадасында 14 құрама команда барлығы 400 әскери қызметшілер қатысты.

Солардың ішінде, Құрлық әскерлерінің Әскери институтының құрама командаларының жетістіктері мынадай:

Гір екісайысы жарысынан жеке орындар алғандар: 63 кг салмақ бойынша курсант Т.Тұрсынов 1-орынды иеленіп, ҚР ҚК «Спорт шебері», ал, 68 кг салмақ бойынша курсант Ғ.Айтжанов  2-орынды иеленіп, ҚР ҚК «Спорт шеберіне үміткер» атанды.

Қол күрес жарысынан жеке орын алған: 65 кг салмақ бойынша бірінші орынға қол жеткізген курсант А.Әшімхан ҚР ҚК «Спорт шебері» атағын иеленді.

Шахматтан жеке және командалық жарыста:полковник В.Швачко, полковник Е.Маликов және аға лейтенант Б.Құдайбергенова 3-орынға ие болды.

Президенттік көпсайыс (қысқы үшсайыс) жарысында жеке орын алғандар: аға лейтенант Р.Рахманова 1-орынды, подполковник А.Кузнецов 2-орынды иеленді. Прапорщик Қ.Сыдықбаев жеке командалық жарыста 2-ші орынға ие болды. Сержант А.Сысоев жеке командалық жарыста 3-ші орынға ие болды және «Спорт шебері» атағын қорғады.

Сержант Д.Нұақынова жеке командалық жарыста 1-орынға ие болды.

Армиялық шаңғыдан шаңғы жарысында жеке орын алғандар:

Аға лейтенант Р.Рахманова 1-ші орынды, сержант Д.Құлмағамбетова 3-орынды иеленді.

Барлық жеңімпаздарымыз мақтау қағаздармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. ҚР ҚК XIII Спартакиадасының қысқы кезеңнің әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша, Құрлық әскерлері Әскери институтының құрама командасының спортшылары осы жарыстарда жоғары деңгейде спорттық нәтижелер көрсетіп, жалпы бірінші орынға қол жеткізді.

Бұдан өзге, Қарулы Күштердің 2016 жылғы дайындық жоспарына сәйкес жаз айында ҚР ҚМ СК-АОСК ұйымдастыруымен Алматы қаласында АОСК оқу-жаттықтыру орталығында және Құрлық әскерлерінің Әскери институты спорттық базаларында ҚР ҚК XIII Спартакиадасының жазғы кезеңнің әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша: табельдік қару ату (АК-3 және ПМ-3 жаттығулары), ӘСЖ көпсайыс, әскери үшсайыс, офицерлік үшсайыс, армиялық қоян-қолтық күресі және спорттық бағдарлау жарыстары өткізілді.

ҚР ҚК Спартакиадасында 12 құрама команда және конкурстан тыс ҚР Бас прокуратурасының қызметкерлері, барлығы 386 әскери қызметшілер қатысты.

Тағы да құрлық әскерлерінің Әскери институтының құрама командаларының жетістіктеріне тоқталсақ, ол төмендегідей:

Табельдік қару ату (АК-3 және ПМ-3 жаттығулары) бойынша жеке орындар алғандар:

АК-3 жаттығуы бойынша полковник С.Масюков 1-орынды, ПМ-3 жаттығуы бойынша подполковник Г.Тедер 3-орынды иеленді.

ӘСЖ көпсайысы жарысында жеке орындар алғандар:

Сержант А.Сысоев пен  курсант А.Марченко жеке командалық жарыста 1-орындарды иеленіп, екеуі де «Спорт шебері» атағын қорғады.

Әскери үшсайыс жарысында жеке орын алғандар:

Курсант А.Марченко жеке командалық жарыста да бірінші орыннан көрінді.

Сондай-ақ, жеке командалық жарыста курсант А.Тұмат 3-орынға қол жеткізді.

Офицерлік үшсайыс жарысында жеке орындар алғандар:

Жеке командалық жарыста курсант М.Мамбеталиев 1-орынды иеленіп, «Спорт шеберіне үміткер» атағын қорғады. Курсант Д.Ұнайғалиев 3-орыннан көрінді.

Армиялық қоян-қолтық күресі жарысында жеке орын алған:

60 кг салмақ дәрежесінде курсант Б.Қожахметов 1-орынға,  65 кг салмақ дәрежесінде курсант А.Мұхамадияров 2-орынға, 70 кг салмақ дәрежесінде курсант Ж.Серіков 2-орынға ие болды.

Спорттық бағдарлау жарыстары жарысында командалық орында:

Құрлық әскерлерінің Әскери интитутының бағдарлау жарысының құрама командасы жалпы ұпаймен 2-орынды иеленді.

Әскери спортшылардың көрсеткен жоғары спорттық шеберліктері, табандылығы мен жеңіске деген жігері өскелең ұрпаққа Қазақстандық патриоттық сезімін сіңдіре отырып, әскери спортты әрі қарай дамытуға және оның халықаралық беделін нығайтуға жақсы стимул болды.

Барлық жеңімпаздарымыз мақтау қағаздармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. ҚР ҚК XIII Спартакиадасының жазғы кезеңнің әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша Құрлық әскерлері Әскери институтының құрама командасының спортшылары 1-орыннан көрінді.

Құрлық әскерлері Әскери институтының құрама командасы 2016 жылдың, ҚР ҚК XIII Спартакиадасы жазғы және қысқы кезеңдерінде жарыстарда жоғары деңгейде спорттық нәтижелер көрсетіп, жалпы Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Армия Орталық Спорт Клубы бастығының кубогын ұтып алды.

 

Майор НАРТАЕВ

Құрлық әскерлерінің Әскери институты


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"