Әскери спортшылар олимпиада ойындарына аттанды

Әскери спортшылар олимпиада ойындарына аттанды

Спорт комитеті – АОСК-ның әскери қызметшілері ақпанның 9-ы мен 25-і аралығында Оңтүстік Кореяда өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасының құрамында өнер көрсететін армиялық атлетшілерге ізгі тілектерін жаудырды.

Спортшылар биатлон мен шаңғы жарысында медальдарды еншілеу үшін бақ сынасады. Ойынға қатысушылар арасында биатлоншылар сержант Алина Райкова, қатардағы жауынгер Максим Браун, Дарья Климина, Василий Подкорытов, Елизавета Бельченко, Владислав Витенко мен Роман Еремин. Шаңғы жарысында Қазақстан құрамасының намысын сержант Елена Коломина, кіші сержант Евгений Величко және старшина Николай Чеботько қорғайтын болады.  
Спортшылар спорттың 15 түрі бойынша 102 жиынтық медаль үшін тартысқа түседі. Қазіргі заманғы Қазақстанның тарихында қысқы Олимпиада ойындарының бірден-бір чемпионы АОСК-ның спортшысы Владимир Смирнов болып табылатынын айта кету қажет.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Итоги конкурсов АрМИ-2018 на территории Казахстана

Итоги конкурсов АрМИ-2018 на территории Казахстана