Әскери спортшылар жарады

Таразда мемлекеттік және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевты еске алуға арналған еркін күрестен халықаралық турнир өтті.

Онда АОСК-ның спортшылары Қазақстан құрамасының қоржынына алтын, күміс және екі қола медаль әкелді. 11-ші рет Дінмұхаммед Қонаев еске алу құрметіне орай оның туған қаласы Таразда еркін стильдегі балуандар арасында сайыс өтті. Онда мемориал жүлдесіне Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның 150-ден аса қатысушысы бақ сынасты. «Қарсыластардың жоғары дайындық деңгейлеріне қарамастан, армиялық палуандар керемет дене дайындықтарын паш етті, лайықты түрде өнер көрсетіп, жақсы нәтиже көрсетті», - деді еркін күрестен АОСК штаттық командасының аға бапкері Камал Гаджимагамедов. Сайыс қорытындысы бойынша армияшылар арасында 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші Әбдіманап Байгенжиев алтын медаль жеңіп алды. 79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ғалымжан Өсербаев күміс жүлдегер атанса, 65 келіге дейінгі салмақта Дәулет Ниязбеков пен 92 келіге дейінгі салмақта кіші сержант Әділет Давлумбаев «қола» жүлдені иеленді.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"