Қазақстан командасы әскери самбода топ жарды

Қазақстан командасы әскери самбода топ жарды

Қазақстан командасы спорттық және әскери самбодан өткен Әлем кубогында әлемнің 16 елінен келген қарсыластарын жеңіп, топ жарды.

Жарыс ЭКСПО көрмесін өткізу және Қала күні мерекесін тойлау аясында «Дәулет» спорт кешенінде өтті. ҚР Президентінің жүлдесі үшін әлемнің 16 елінен келген 200-ден астам спортшы бақталасты.

Жалпы командалық есепте қазақстандықтар 13 алтын, 12 күміс және 29 қол медальмен топ жарды.

Жарыста Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Болгария, Германия, Грузия, Молдова, Ресей, Румыния, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Оңтүстік Корея, Жапония, Тәжікстан және АҚШ сынды елдердің  спорт шеберлері өзара сайысқа түсті. Бас жүлде ерлер мен әйелдер арасында, сондай-ақ  әскери самбо бойынша салмақтың 9 санаты бойынша ойнатылды.

Жарыстың ақтық мәресінде қазақстандық спортшылар үш алтын және үш күміс иеленді. Қорытынды есеп бойынша еліміздің құрама командасы әртүрлі дәрежеде  54 медаль еншіледі. Айта кетейік, бұл – әлем кубогінің кезеңдерінде медальдар саны бойынша рекордтық көрсеткіш.

Қазақстандық спортшылар әскери самбо бойынша да жақсы өнер көрсетті. Атап айтқанда, біздің қоржынымызға 7 алтын, 3 күміс және 9 қола медаль түсті. Әйелдер арасында жарыста біздің қыздар жоғары деңгейде өнер көрсетіп, марапаттау сахнасына 17 рет шықты. Осылайша 3 алтын, 3 күміс және 11 қола жүлдесіне ие болды.

Спорттық  самбо бойынша Қазақстанның ерлер құрама командасы 3 алтын, 3 күміс, 6 қола еншіледі.

Жалпы командалық есепте 7 «алтынмен» Грузияның құрамасы екінші орынға жайғасты. Үздік үштікке 3 «алтын» еншілеген ресейліктер кірді. Ақтық мәреде ресейліктер өзбекстандық спортшылардан басым түсіп, 2 салмақ дәрежесі бойынша алға сытылып шықты.

Шараның ұйымдастырушылары Әлем кубогінің барлық қатысушыларына ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне жолдама берді.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений