Әскери қызметшілер Спартакиадаға жолдама алады

Әскери қызметшілер Спартакиадаға жолдама алады

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде 500-ден аса әскери қызметші спорттың әскери-қолданбалы түрлері бойынша Спартакиаданың қысқы кезңінде мықты деген атаққа ие болу үшін бақ сынасады.

Ауқымды жарыстың қысқы кезеңі бес чемпионаттағы біріншілікте күш сынасатын, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының спорт шебері» спорттық атағын орындауға құқық алатын қазақстандық армияның ең мықты әскери қызметшілерінің басын қосады. Спартакиаданың аталмыш кезеңі Президенттік көпсайыс (қысқы үшсайыс), армиялық қоян-қолтық ұрыс, гір және шаңғы спорты, сондай-ақ әйелдер арасындағы волейбол бойынша сайыстарды қамтиды. Іріктеу кезеңдеріне барлығы 30 мыңнан аса әскери қызметші қатысып жатқанын айта кету қажет.
Бүгінгі таңда «Шығыс» және «Батыс» өңірлік қолбасшылықтарында, ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің десанттық-шабуылдау әскерлерінде іріктеу кезеңдері аяқталды.
«Барлық пәндер әскери қызметшілерді арнайы дайындау үшін маңызды қолданбалы мәнге ие. Өйткені, бұның негізінде спорттың жеке түрлерінен алынған жаттығуларды қамтиды, әскери қызметшілердің қызметтік міндеттерді орындауларымен байланысты элементтермен біріктірілген. Спартакиада қорытындысы бойынша үздік спортшы әскери қызметшілердің арасынан ТМД елдері Қорғаныс министрлері кеңесінің Спорт комитеті аясында өткізілетін халықаралық жарыстарда Қарулы Күштердің намысын қорғайтын болады»,  деп Спорт комитетінің төрағасы полковник Расул Мейірманов атап өтті.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Итоги "KADEX - 2018"

Итоги "KADEX - 2018"