Әскери қызметшілер Олимпиадаға барады

ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері,  Армия орталық спорт клубының былғары қолғап шеберлері аға сержант Біржан Жақыпов пен келісімшарт негізіндегі қатардағы жауынгер Қайрат Ерәлиев Рио олимпиадасына жолдама алды.

Оңтүстік Қазақстанның тумасы Біржан – сол өңірден шыққан тұңғыш әлем чемпионы. Ол былтыр  шілденің 10-күні Қытайда өткен AIBA Pro Boxing турнирінде үздік шығып, олимпиада жолдамасын жеңіп алды. Бокстан әлем чемпионы Біржан Жақыпов биыл Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына жолдаманы осы турнир арқылы иелік етті. Ол соңғы шешуші бәсекеде Біржан эквадорлық Карлос Эдуардо Куипо Пилатаксиден басым түсті. Бұл жекпе-жек 8 раундқа созылды.

Осылайша, боксшы алдағы 11-12 қыркүйекте өтетін турнир чемпионатының белбеуі сарапқа салынатын жарысқа қатысады. Қарсыласы – қытайлық Лу Бин. Олар бұдан бұрын да күш сынасып, сол жолы аспанасты елі спортшысының мерейі үстем болған еді. Ұлттық құрамамыздың ең тәжірибелі боксшысы Біржан Жақыповтан біз, әрине, жеңіс күтеміз. Көп жылдар бойы еңбек еткен әлем чемпионы РИО-да жеңіске жету үшін бар күшін салады деген ойдамыз.

Екінші үміткеріміз – қазақтың қайратты боксшыларының бірі Қайрат Ералиев.

Ол сәт санап, ширығып келеді. 2012 жылы ел чемпионы атанғаннан бері бірқатар әлемдік жарыстарда  қанжығасы майланды. Бұдан кейінгі жылдары Алатау баурайында өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері, әскерилер арасында әлем чемпионы атанды.

Қайрат – Азияның үздігі, Қазақстан Қарулы Күштерінің жауынгері.  Азия бокс конфедерациясы  қазақ ұланын  2014 жылғы маусымдаң үздік боксшысы деп таныды. Өйткені, дарынды спортшы маусым айында  әскерилер арасында әлем чемпионы атанған еді.

Ералиевтің Азия ойындарындағы басты қарсыласы филиппиндік Марио Фернандес болды. Үшінші орын үшін өткен жекпе-жекте жерлесіміз филиппиндік боксшы Марио Фернандесті 3:0 жеңді. Осылайша, Қытайдағы лизенциялық турнирінің қола жүлдегері Қайрат Ералиев РИО Олимпиадасының жолдамасына ие болды. Біз, осы отандасымыздан да зор үміттіміз. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"