Әскери қызметшілер арасында волейболдан турнир өтті

Жуырда Астанадағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде әскери қызметшілер арасында волейболдан турнир жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Армия генералы, Халық қаһарманы Мұхтар Алтынбаевтың кубогына арналған біріншілікте Ақмола аймақтық гарнизонынан 130-дан астам әскери қызметшісінен құралған 13 топ сайысқа түсті.

Шешуші кезең өте тартысты өтті, нәтижесінде 14776 әскери бөлімінің командасы бірінші орынды иеленді.

Екінші орын ҚР ҚК Әуе Қорғаныс Күштерінің Бас Қолбасшылығы басқармасына бұйырды. Ал, үшінші орын ҚР ҚМ қауіпсіздігі мен режимңн қамтамасыз ететін әскери полиция отрядының тобы місе тұтты.

«Отан қорғаушы қашанда шымыр, шыңдалған, күш-қайратты болуы қажет. Осы тұрғыда ойынға қатысушы әскери қызметшілер мықтылығын көрсете алды. Шешуші кезеңде бірінші орынға деген тартысын, олардың ұмтылысын, тамаша шеберлік деңгейін байқадық», - деп, Халық қаһарманы Мұхтар Алтынбаев атап өтті.

«Армия генералы Алтынбаевқа арналған турнирге қатысу қуанышты жайт. Біз үшін осы турнирді жеңіп шығу – үлкен абырой. Мұндай спорттық шара бізді ынталандырады. Сондай-ақ, елімізде және Қарулы Күштерде спорттың, волейболдың деңгейін арттырады», - дейді 14776 әскери бөлімінің әскери қызметшісі подполковник Нұрмахан Ақжолов.

Айта кетейік, армия генералы Мұхтар Алтынбаевтың кубогына арналған турнир былтыр бастау алды. Биыл осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Алда, бұл турнир жыл сайын өткізілетін дәстүрлі шараға айналмақ. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"