ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

Әскери қызметшілер әскери-қолданбалы спорт түрлерінен сайысқа қатысуда

Әскери қызметшілер әскери-қолданбалы спорт түрлерінен сайысқа қатысуда
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ресми сайтынан алынған фото

Қазақстанның Қарулы Күштерінде әскери-қолданбалы спорт түрлерінен Спартакиада өтіп жатыр. Ауқымды сайыстың қысқы кезеңі бес чемпионат бойынша біріншілік үшін бақ сынасатын қазақстандық армияның ең мықты деген әскери қызметшілерінің басын қосты.

«Қарулы Күштердің мерейтойлық жылы әскерилердің спорттық өмірінде айтулы мереке – Спартакиададан бастау алды. Әр жыл сайын 20 мыңнан астам әскери қызметшілер әскери бөлімдер мен гарнизондарда өтетін бірінші, екінші және үшінші кезеңдерінде ҚР ҚК-нің Спартакиадасына қатысу құқығына ие болу үшін өзара тартысқа түседі. Қысқы додаға бес спорт түрінен медаль үшін таласқа түсетін 600-ден астам әскери қызметшілер келді », - деп атап өтті ҚР ҚМ Армия спорт клубы Спорттық комитетінің төрағасы подполковник Расул Мейірманов. Қарулы Күштердің Спартакиадасы президенттік үшсайыс, қарауылдаушылардың топтық жарысы, табельдік қарудан оқ ату (ПМ-3 жаттығуы), гір көтеруден екісайыс және әскери қоян-қолтық ұрыс сияқты ойын түрлері бойынша өтеді.

Аталған әскери ойын түрлерінің негізінде әскери қызметшілердің қызметтік міндеттемелерін орындауға қажетті элементтермен байланысты спорттың жеке түрлерінен алынған жаттығулары кездесетін болғандықтан, әскери қызметшілердің арнайы даярлығы үшін мұндай тәртіп түрлері іс жүзінде қолданылатын маңызды мағынаға ие. Бүгінгі күні алғашқы жеңімпаздар да белгілі болды.

 Әскери қоян-қолтық ұрыс түрінен жалпыкомандалық есепте бірінші орынды – 14776 әскери бөлімінің командасы иеленді, екінші орынды – Аэроұтқыр әскерлері, ал үшінші орынға – Құрлық әскерлерінің Әскери институты табан тіреді. «Бұл чемпионатқа бар ынта-жігеріммен мұқият дайындалған едім және бірінші орынға ие болғаныма разымын. Қарсыластарым да жоғары дайындықпен келгенін көрсетіп, шеберліктерін шындап зор құлшыныспен сайысқа түсті», – деп 65 кг салмақтық категориясында алтын медальдің иегері атанған 14776 әскери бөлімінің аға сержанты Әли Баттал өзінің ойымен бөлісті.

Спартакиада аясында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен Қарулы Күштердің құрамалары мен әскери бөлімдерінің спорт және дене даярлығына жауапты басшыларына арналған төрешілер семинары өткенін де атап өту керек. Семинарға қатысуға 30-дан астам әскери қызметшілер – мамандандырылған төрешілер атсалысты. Олардың тек семинарға тыңдаушы ретінде қатысу мүмкінгі ғана емес, сонымен бірге жеке тәжірибесін өзінің әріптестерімен бөлісіп, теория және практика бойынша сабақтар жүргізуге де мүмкіндіктері болды.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: минно-тральный корабль "Алатау"

Инфографика: минно-тральный корабль "Алатау"