Әскери қызметкер Штутгард қаласында өткен футболдың «Үздік қақпашысы» атанды

Спорт – өміріміздің бір жалғасы. Әрине, спортсыз адамға өмір сүру қиын. Өйткені өмірінің мәні жоғалғанмен тең. Спорт- адамға шаттық пен қуаныш әкеледі. Ал, армияда- спорттың алатын орны ерекше. Спортпен айналысу- әскери қызмтешілердің міндеті ғана емес паразы. Себебі, әскери қоғамда, спорт пен әскери өмір қатар жүреді.

63310 әскери бөлімінің командирі полковник  Әміреев Темірхан Мадиханұлының бастамасымен біздің бөлім көптеген жарыстарда жүлдегер атаып жүр. Мысалы, бөлімінің топ басшысы лейтенант С.Т.Молдақашев пен топ құрамы футболдан семей өңірлік басшылық командаларының арасынан топ жарған болатын.

Тағы да айта кететін жайт, Семей қаласының құрамасын Германиядағы Штутгард қаласына футболға шақырған болатын. Бұл жарыс 14-22 қыркүйек аралығында өткізілген. Біздің бөлімімізден шақырту алған аға лейтенант Молдақашев ойынды абыроймен атқарып, «Үздік қақпашы» атағын жеңіп алды. Ойын соңына келгенде, Семей қаласының құрамасы, ойын кезінде Түркия мен Германияның үздік командаларын жеңіп, І орынға жайғасты.

63310 әскери бөлімі осындай әскери қызметшілерімен мақтанады. Қазақстан Республикасының Қорғаныс Күштерінің  «Қазақша күрес» ұлттық ойынының жеңімпазы – сержант Д.М.Кұрықбаев, дене дайындығының үздіктері – сержант М.Ибраимов, аға лейтенант А.Сапарғалиев, капитан М.Бахтаев және 3 сынып сержанты А.Отынбаевтар біздің бөліміміздің бетке ұстарлары.  

63310 әскери бөлімі

А.Х. Әубәкірова 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"