Әскери-патриоттық жиыннан әсермен қайтты

«Жас сарбаз» әскери-патриоттық жиынына қатысқан Семей гарнизонының 44736 әскери бөлімі әскери қызметшілерінің балаларын жеке құрам құрметпен қарсы алды.

   Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тапсырмасын орындау мақсатында және жастарды «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы рухында әскери-патриоттық тәрбиелеу, оларға қазақстандық патриотизм сезімін дарыту, әскери қызметке даярлау мақсатында ҚР Қорғаныс Министрлігі спорт комитеті-Армия орталық спорт клубының базасында шалғайда жатқан гарнизондардың әскери қызметшілері мен азаматтық персонал балалары арасындағы «Жас сарбаз» әскери-патриоттық жиынының өткізілуіне 44736 әскери бөлімі әскери қызметшілерінің балалары белсене ат салысты. Оған

ҚР ҚМ Спорт комитетінің төрағасы – Армия орталық спорт клубының бастығы подполковник Расул Мейірмановтың 44736 әскери бөлімінің командирі подполковник Сәбит Үркінбаевқа жолдаған алғыс хаты дәлел бола алады.

   Рамиль Арғыншалов, Софья Шевцова, Тоғжан Әзірбаева, Мағжан Әзірбаев, Элина Байбосунова, Нұрай Истанбекова әскери гарнизондар арасында ұйымдастырылған әскери-патриоттық клубтың іс-шаралары мен спорттық сайыстарда тек алдыңғы шептен көрінді. Олар оңтүстік астананың көрікті жерін аралап, танымал спортшылармен жүздесті. Мәселен, «Әскер барысы» мен «Қазақстан барысы – 2017» жеңімпазы 22 жастағы Еламан Ерғалиевпен, ережесіз жекпе-жектен ММА жанкүйерлері арасында танымал болған тұңғыш қазақ қызы 24 жастағы Зәмзәгүл Файзоллановамен кездесті. ҚР ҚМ Армияның орталық спорт клубының Панфилов кентіндегі оқу-жаттығу орталығын да көрді. Балалар «Жас сарбаз» әскери-патриоттық жиынына 44736 әскери бөлімінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі бөлімінің офицер- (психологы) капитан Торғын Сүбебаеваның жетекшілігімен барып қайтты.  


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"