Әскери көпсайыс туралы не білеміз?

Біздің әскери спортшыларымыз спорттың пентатлон түріне қатысып, жүлделі орыннан көрініп жүргені белгілі. Пентатлон қандай спорт түрі?

Спортың жаңа түрі пентатлон (әскери көпсайыс) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде 2009 жылдан бастап Қарағанды қаласындағы ҚР ҚМ СК-АОСК филиалының базасында дамыған. Аталған базада республикалық және халықаралық жарыстарға қатысу үшін әскери бессайыс және басқа да әскери көпсайыс түрлеріне сапалы дайындалуға барлық жағдай жасалған.

2009 жылы ҚР ҚМ құрама командасы (негізінде АОСК Қарағанды филиалы және «Астана» өңірлік басқармасы споршыларынан құрылған) бірінші рет Германияда өткен пентатлон бойынша әлем чемпионатына қатысып, жақсы нәтиже көрсеткен. 2010 - 2014 жылдары Санкт-Петербург және Минск қалаларында ТМД елдері арасында өткен достастық армиялар олимпиадасына ҚР ҚМ құрама командасы әскери көпсайыстан қатысты, 2010 жылы 2-орынды, ал 2014 жылы 3-орынды иеленді. ҚР ҚК құрама командасы 2014 жылы 8 – 16 қазан аралығында әскери қызметшілер арасында Оңтүстік Кореяда өткен әскери бессайыс (пентатлон) бойынша 61-әлем чемпионатына қатысып, жекелей есептің жүлдегері ҚР ҚК лейтенанты Максим Губарев винтовкадан ату бойынша 190 ұпай жинап, 3-орынды иеленді.

Әскери көпсайыстан нұсқаушылар командасының мүшелері тәртіпті, дене дайындықтары жақсы. Жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін бар күшін салады және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін халықаралық жарыстарда лайықты деңгейде танытып жүр. Қазіргі кезде әскери көпсайыстан нұсқаушылар командасы Қарағанды қаласында Нұркен Әбдіров атындағы спорт сарайының жүзу бассейні мен ату тирінде және Қарағанды қаласы СДЮШОР жеңіл атлетикалық манежінде жаттығады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"