Аэроұтқыр әскерлерінің спортшыларын марапаттады

Аэроұтқыр әскерлерінің спортшыларын марапаттады

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері  Құрлық әскерлері Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор А.Жұмакеев Астана қаласындағы «Жас ұлан» мектебінде өткен бокстан ІІІ ашық чемпионатынан жалпы командалық есеп бойынша  І орынға ие болған Аэроұтқыр әскерлерінің спортшыларын марапаттады.

Жарысқа ҚР ҚК Құрлық әскерлері, Ұлттық ұлан, әскери полиция, Бас барлау басқармасының  таңдаулы боксшылары қатысты. 8 түрлі салмақ дәрежесі бойынша өткен сайыс қорытындысы бойынша Аэроұтқыр әскерлерінің 4 спортшысы ефрейторлар Т.Райымқұлов, Т.Кенжалиев, мерзімді әскери қызметші қатардағы Е.Өтебай, қызметші Е.Егоров – І орын,  мерзімді әскери қызметшілер қатардағы Е.Дүкен, Ғ.Қаржау - ІІ орын, мерзімді әскери қызметшілер қатардағы Н.Сүлейменов және қатардағы Б.Мырзабек  ІІІ орынды жеңіп алды.

Сайыпқыран спортшылардың арасынан суырылып алға шығып, осымен қатарынан үшінші рет бас жүлдеге ие болған Аэроұтқыр әскерлерінің спортшылары мен олармен ере барған өнерпаз қолдаушы топты Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор А.Жұмакеев қабылдап, грамоталар табыс етті. Жүлделі орындардан көрінген спортшылардан басқа осындай құрметке жарысты бастан-аяқ жүргізген диктор лейтенант Ербол Игісінов, қолдаушы өнерпаздар капитан Әлия Тоқабаева, старшина Абу Қуанышев,  кіші сержант Р.Ряшева, сержант Б.Мукаманов, сержант Е.Келгенбаев, сержант Г.Сиқымбаева, ҚР ҚК қызметшісі Л.Бакенова және басқалар ие болды. Сондай-ақ, Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысы басқармасы дене дайындығы және спорт бастығы подполковник Мұса Ягмуров пен халықаралық дәрежедегі және олимпиядалық резервтің жаттықырушы-оқытушысы Сабырхан Райымқұловқа грамоталар табыс етіліп, құрмет көрсетілді.

Осындай игілікті іс-шаралар отан қорғаушы жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге үлкен үлес қосатынына сеніміміз мол.

Капитан Н.Естаев

Аэроұтқыр әскерлері,

Суретті түсірген автор


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Номад

Номад