Әлем чемпионы атанды

Әлем чемпионы атанды

Бухаресте ерлер мен әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Темірлан Ихсанғалиев әскери самбодан жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дүниежүзілік додада 82 кг салмақта кілемге шыққан Темірлан француз, қырғыз палуандарын мерзімінен бұрын жеңді. Сондай-ақ, қазақстандық әскери самбо шеберіне түркімен спортшысы қарсы тұра алмады. Бұдан бұрын да талай додаға қатысып, олжа салып, тәжірибесі әбден толысқан 32 жасар Т.Ихсанғалиев финалда ресейлік әлем чемпионы, өзінен екі жас үлкен Дмитрий Самойловпен белдесті. Қазақстандық палуан белсенді күресіп, қарсыласынан басымдылық көрсетті. Есеп 1:0 болғанымен, Темірлан ресейлік самбошыға еш мүмкіндік берген жоқ. Осылайша Темірлан Ихсанғалиев әскери самбодан 82 салмақта чемпион атанды.

Тағы бір қазақстандық Гүлнұр Ерболова самбодан  52 кг салмақта қола жүлдеге ие болды. Гүлнұр осымен екінші жыл қатарынан үздік үштікке ілігіп отыр. 

1986 жылы Теректі ауданында дүниеге келген Темірлан спорттағы жолын еркін күрестен бастады. Алғашқы бапкері әкесі Мердан Ихсанғалиев болды. Кейін әскери самбоға ауысқан Т.Ихсанғалиев бұған дейін төрт мәрте әлем чемпионатына қатысып, соның үшеуінде қола жүлдегер атанды. Ал 2015 жылы Марокконың Касабланка қаласында 74 кг салмақта күміс жүлдеге қол жеткізді. Сонымен қатар, қоян-қолтық күрестен әлем біріншілігінде қола, аралас жекпе-жектен осындай жарыста күміс медальға ие болды.

Темірлан Ихсанғалиевті әскери самбоға марқұм Қазбек Ибрашев баулыды. Қазір Темірлан Нұфтолла Түменовтің қоластында жаттығады. Н.Түменов ересектер арасындағы осы әлем чемпионатында қазақ төрешілерінен алғаш рет бас хатшы міндетін атқаруда.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи