Әділбек Ниязымбетов те ширек финалға жолдама алды

Рио Олимпиадасының алтыншы күні 81 келі салмақта сынға түскен Әділбек Ниязымбетов беларусь боксшысы Михаил Долголевецпен жұдырықтасып, қарсыласын айқын басымдылықпен ұтты.

Әділбек, үш раундта да тізгінді өз қолында ұстады. Қарсыласы қанша жерден ұмтылғанымен жерлесімізге шамасы жетпеді. осылайша Әділбек ширек финалға өтті. Есеп-3:0.

Бүгін төрт боксшымыз шаршы алаңға шығып, Әділбекпен бірге екеуі келесі айналымға өтсе, біреуі ұтылып қалды. Келесі кезеңге Қайрат Ералиев, Данияр  Елеусінов жолдама алса, Абылайхан Жүсіпов Рио Олимпиадасындағы жарысын аяқтады.

Естеріңізге сала кетейік,  Олимпиаданың алғашқы жарыс күні 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Берік Әбдірахманов ұтылып қалса, кеше 49 келідегі Біржан Жақыпов ширек финалда қарсыласына жол берді. Бүгін Абылайхан Жүсіпов жарыс жолынан шығып қалды.

Енді жарыс жолында 10 боксшының жетеуі қалды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"