«Адал дос» конкурсында қазақстандық кинологтар қола жүлдеге ие болды

«Адал дос» конкурсында қазақстандық кинологтар қола жүлдеге ие болды

Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің қызметтік ит өсіру оқу-жаттығу орталығында «Адал дос» халықаралық кинологтар конкурсының салтанатты жабылуы мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.

есей кинологтарының командасы бірінші орынды, Беларусь пе Өзбекстан елі екінші орынды өзара бөліссе, ал қазақстандық әскери кинологтарға үшінші орын бұйырды. Конкурстың басты қазысы генерал-майор Владимир Головачев жүлде алғандарды құттықтап, осындай ауқымды жарысқа қатысқандары үшін алғысын білдірді. Аталған конкурс аясында кинологтар өздерінің қызметтік иттерімен күрделі бес кезеңнен өтті. Әскери қызметшілер атыс және дене даярлығы бойынша жарысып, қорғаныс ретінде қызметтік иттердің жұмысын, сонымен қатар «кинолог-ит» ретінде командалық және жинақылық жұмысты орындауды көрсетті. Еліміздің атынан Әскери полицияның әскери қызметшілері мен қызметтік иттері қатысты. Олар «Чемпиондар жарысы» кезеңінде ерекше көзге түсті. Әскери полиция кинологы ефрейтор Мағжан Жаңабеков өзінің қызметтік «Арно» атты итімен қалған қатысушыларды басып оза отырып 1 600 метр жолды 6 минут 6 секундта игеріп, атыс шептеріндегі барлық нысаналарды дәл көздеді. Қазылар, сондай-ақ қатысушылардың өзі дене даярлығы, сонымен қатар кәсіби даярлықта біздің әскери қызметшілердің жоғары деңгейін атап өтті. Бүгін біздің команда Қазақстанға оралатынын айта кеткен жөн. «Адал дос» халықаралық кинологтар конкурсы биыл Армия халықаралық ойындары аясында төртінші мәрте өткізіліп отыр. Осы уақыт ішінде оған Алжир, Беларусь, Қытай, Египет, Иран, Қазақстан мен Өзбекстан елдері қатысты.



Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи