21742 әскери бөлімінің жеке құрамы мен отбасы мүшелері арасында спорттық іс-шара өткізілді

Демалыс күні 21742 әскери бөлімінің жеке құрамы мен отбасы мүшелері арасында  спорттық іс-шара өткізілді.

Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш-жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімін де қиюға болады. Денсаулықсыз өмір қызықсыз әлем деп санаймын.

Әрбір әскери қызметші міндетті түрде денешынықтырумен айналысуы керек. Өйткені, денешынықтырумен айналысқан адамның дені сау, көңіл-күйі көтеріңкі болатыны айдан-анық.

Адам бақыты – денсаулық. Өмірдің шаттығымен қызығы да денсаулыққа байланысты. Осы қағиданы бекем ұстаған біздің әскери бөлім бұл мақсатта көптеген іс-шаралар атқаруда. 21742 әскери бөлімінде әскери қызметшілердің дене дайындығы ойдағыдай болып жатқаны бір күндік немесе бір апталық емес, әбден дағдыға айналған, күнделікті дайындықтың нәтижесі дер едім.

Бөлім басшылығының ұйымдастыруымен ай сайын футболдан, волейболдан, әскери қызметшілердің отбасымен қатысатын сайыстар, аптасына өтетін 3-5 шақырымға дейінгі қашықтықта жүгіру, №1,2 еркін жаттығулар кешені, белтемірге тартылу және басқа да спорттық іс-шаралар нәтижесін беруде.

Спорт деген адамды жеңіс пен жасампаздыққа тәрбиелейді, ұдайы бірінші болуға қайраттандырады, қиыншылықтарды табандылықпен, сабырмен шешуге, еңбекқор болуға, үлкен мақсаттарға қол жетуге жетелейді.

Ал, мұндай қасиеттер бойына дарыған адамның Отан алдындағы қызметін өтеуде биік белестерге көтерілуі анық.

 

 

 

Капитан Е.ШАҒДАБАЙ


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"