ҚР ҚК әскери қызметшісі Риода өтетін Олимпиадаға жолдама ұтып алды

«Дәулет» спорт кешенінде еркін, әйелдер және грек-рим күресінен Азияның лицензиялық турнирі өтті.

ҚР ҚМ Спорт комитеті штаттық командасының спортшысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, кіші сержант Ғалымжан Үсербаев жартылай финалда 74 келі салмақта 6:4 есебімен Қырғыз Республикасының спортшысын ойсырата жеңді. Осы жеңістің арқасында кіші сержант Ғалымжан Үсербаев алдағы уақытта Рио-де-Жанейрода өтетін олимпиадалық ойындарға жолдама алды.   Сондай-ақ сайыс шеңберінде шешуші шайқас өтеді. Онда турнирдің алтын жүлдесіне бақ сынасуда кіші сержант Үсербаев Жапонияның спортшысымен кездеседі.  Кіші сержант Ғалымжан Үсербаев Рио-де-Жанейрода өтетін 2016 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама ұтып алған ҚР ҚМ Армия Орталық спорт клубының алтыншы армия спортшысы атанғанын айта кетейік. Олардың қатарында қазақстандық жеңіл атлетші ҚР ҚМ АОСК-ның капитаны  Ольга Рыпакова, жеңіл атлетші келісімшарт қызметінің қатардағы жауынгері  Михаил Красилов, былғары қолғап шебері, ҚР ҚМ АОСК-ның аға сержанты Біржан Жақыпов, ҚР ҚМ АОСК-ның спортшысы Юрий Юрков – оқ ату және 3-сыныпты сержант Евгений Алексеев – байдаркаларда есу.  Алдағы Олимпиада ойындарына армиялық спортшыларымыз халықаралық жарыстарда сәтті өнер көрсеткенінің арқасында жолдамаға қол жеткізді. Бұл жолдамалар әскери қызметшілердің жоғары кәсіпқойлығы, спорттық шеберлігі мен жалпы қазақстандық әскери спорттың өркендеуін растайды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"