Әскери көпсайыстан Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің штаттық командасы Тараз қаласында арнайы дене даярлығы бойынша оқу-жаттықтыру жиынында жүр. Армия спортшылары Өскемен қаласында өтетін жабық орынжайларда көпсайыстан ҚР чемпионатына дайындалуда.
Әскери көпсайыс – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде бертін келе пайда болған спорт түрінің бірі. Ол 2009 жылдан бастап Қарағанды қаласының СК - ҚР ҚМ АОСК филиалының базасында дами бастады. Ол жерде әскери бессайыс және әскери көпсайыстардың өзге де түрлері бойынша республикалық және халықаралық жарыстарға сапалы дайындалу үшін барлық жағдай жасалды. Әскери көпсайысқа қатысушылар 300 метр қашықтықта ірі калибрлі қарудан оқ ату, құрлықтық кедергілер жолағы, суда кедергілер жолағын еңсеру, дәлдік пен қашықтыққа граната лақтыру, сондай-ақ, 5 шақырымға кедергілері бар жерде жүгіру сияқты сайыстардан жарысқа түспек.
Штаттық команда бапкері, президенттік көпсайыстан Қазақстан Республикасының спорт шебері лейтенант Максим Губаревтің айтуынша, іс-шараның аяқталуына қарай оқу-жаттықтыру жиынының тапсырмасы 100 пайызға орындалады. Жауынгерлік даярлық нәтижесінің 70 пайызы жауынгерлердің дене шынықтыруына байланысты болмақ.