Олимпиадалық ойындарға 5 лицензия ұтып алды

Былтыр ҚР ҚМ АОСК-ның армиялық спортшылары үшін табысты жыл болды. Естеріңізде болса, Мәскеу қаласындағы ТМД қатысушы мемлекеттері достастық армияларының алғашқы әскери-спорттық ойындары және кореялық Мунгенде өткен VI  Дүниежүзілік жазғы армиялық ойындарына қатысқан олар үлкен нәтиже көрсетті. Оның қорытындысы бойынша армиялық спортшылар 51 медаль иеленсе, соның 11-і – алтын.

Сонымен қатар, еліміз үшін анағұрлым нәтижелі бірқатар ірі әлемдік біріншіліктер болды. Онда біздің армияшыларымыз ғана биылғы Рио-де-Жанейродағы Олимпиадалық ойындарға 5 лицензия ұтып алды. 2016 жылдың 5-і мен 21-інші тамыз аралығында Бразилияның Рио-де-Жанейросында өтетін Олимпиадалық ойындарда осы бес армиялық спортшымыз жеңіс тұғырынан көрінеді деген сенімдеміз. Сонымен... 

Ольга РЫПАКОВА

 ҚР ҚМ Орталық армия спорт клубының капитаны, қазақстандық жеңіл атлетші Ольга Рыпакова Шанхайда өткен Diamond Leauge (Бриллиант лигасы) сайысының екінші турында қола медальді жеңіп алды. Оның осынау жарыстағы сәтті жеңісі Рио-де-Жанейро Олимпиадасына жолдама алуына мүмкіндік берді. Ольга Рыпакова өзінің спорттық карьерасында үшінші рет әлемдік додаға қатысатын болады. Бұған дейін спортшы 2008 жылы Пекин олимпидасына қатысса, 2012 жылы Лондон олимпиадасында алтын медальді иеленіп, Олимпиада чемпионы атанды. Халықаралық жарыстарда биіктен көрініп жүрген талантты спортшы Қазақстанның және еліміздің Қарулы Күштерінің атын шығаруда. Оның жеңістері әскери қызметшілер мен жастардың спортпен айналысуға деген қызығушылығын тудырып, ынталандырады.

 Михаил КРАСИЛОВ

ҚР Қорғаныс министрлігі Армияның орталық спорт клубының келісімшарт бойынша әскери қызметшісі Михаил Красилов Австрияның Вена қаласында өткен жеңіл атлетикадан «Vienna City Marathon» халықаралық марафонына сәтті қатысып, олимпиадаға жолдаманы жеңіп алды.

АОСК құрама командасының атынан 30 жеңіл атлетші спортшы  қатысты. Қазір Михаил Красилов белсенді жаттығу үстінде, себебі ол алдағы Рио-де-Жанейрода өтетін олимпиада кезінде міндетті түрде жүлделі орын иеленуді жоспарлап отыр.

 Біржан ЖАҚЫПОВ

Осы Олимпиадаға жолдама ұтып алғандардың бірі – ҚР ҚМ Армияның орталық спорт клубына қарасты топтың спортшысы, былғары қолғап шебері аға сержант Біржан Жақыпов.

Ол Гуйян (Қытай) қаласында өткен жарыста эквадорлық былғары қолғап шебері Карлос Пилатаксиді жеңіп, Олимпиада ойындарына жолдама алды. Шешуші жекпе-жек 2-0 есебімен қазақстандық боксшының пайдасына аяқталды. «Мен жеңісті қолдан бергім келмеді, еліміз және біздің армия менімен мақтанғанын қаладым. Бұл жеңіс ұзақ, әрі қажырлы жаттығулар мен Қазақстан Республикасы құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжановтың пайдалы тәлімінің нәтижесінде келді», - дейді спортшы.

Біржан Жақыпов бокстан әлем чемпионы және ҚР былғары қолғап шебері екенін айта кеткен жөн. Ол – 2005 жылғы әлем чемпионатының және 2008 жылғы әлем кубогыныңқола жүлдегері, Азия ойындарының екі мәрте күміс жүлдегері, Пекинде және Лондонда өткен Олимпиадалардың қатысушысы.

 Юрий ЮРКОВ

 Қазақстандық АОСҚ спортшысы Юрий Юрков Форт Беннинг (АҚШ) қаласында оқ ату спортынан өткен лицензиялы Әлем кубогында биылғы Риодада өтетін Олимпиаданың жолдамасын жеңіп алды.

МВ-6 жаттығуы бойынша ерлер арасында сынға түскен оңтүстікқазақстандық спортшы ақтық бәсекеде алтын жүлде үшін таласта Жу Кинан (Қытай) и Мэтт Эммонс (АҚШ) секілді олимпиада чемпиондарымен шеберлігін сынасты. Нітижесінде ол әлемдік деңгейдегі қытайлық спортшыны тізе бүктіріп, жеңіске жетті.  

  Евгений АЛЕКСЕЕВ

 Индонезияда қылқайықпен және каноэмен есуден лицензиялық чемпионатта армия орталық спорт клубының әскери қызметшісі 3-сынып сержанты Евгений Алексеев 1000 метр қашықтыққа қылқайықты екі-екіден есуден 1-орынды иеленді. Сөйтіп, ол да 2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында (Бразилия Республикасы) өтетін жазғы Олимпиадаға қатысу лицензиясын жеңіп алды. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"