Геннадий Головкин әскери борышын қайда өтеген?

Жуырда қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Астанаға келді. Ел абыройын халықаралық аренада асқақтатып жүрген боксшыны Астана жұртшылығы құшақ жая қарсы алып, оған ұлттық тағамдардан дәм таттырып, қуанышқа кенелді.

Осы орайда ел қуанышымен ортақтаса отырып, біз де ол туралы қажетті ақпаратпен бөліскіміз келді. Сіз осы әлемнің бірінші нөмірлі былғары қолғап шебері Геннадий Головкиннің әскери борышын қайда өтегенін білесіз бе?

ҚР Қарулы Күштерінде әскери қызмет өтегені туралы деректерге тоқталсақ,  ол 1999 жылы Қарағанды қаласы Октябрь ауданының әскерге шақыру учаскесіне тіркеліпті. 2001 жылдың 12 маусымында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметін өтеуге шақырылған. Жеті дүркін әлем чемпионы атанған боксшыға 2006 жылдың шілдесінен бастап офицер, яғни «лейтенант» шені берілген екен.

Әлемнің ең мықты былғары қолғап шебері, жерлесіміз Геннадийді қай сәтте болсын қолдауға дайынбыз!



Кіші сержант Қарлығаш АҚЫЛБЕКОВА


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"