«Гауһар лигаға» шақырту алды

 «Гауһар лигаға» шақырту алды

Қазақстанның тұңғыш кәсіби жеңіл атлетика клубының үш спортшысы 12 мамырда Қытайдың Шанхай қаласында өтетін «Гауһар лигаға» шақырту алды. ҚР Жеңіл атлетика федерациясының таратқан мәліметтеріне сүйенсек, олардың арасында  Олимпиада чемпионы АОСК-ның спортшысы Ольга Рыпакова да бар.

Алайда, отандасымыздың аталған додаға қатысу-қатыспауы белгісіз. Өйткені спортшы әлі толық бабына келмеген. Ал өзге атлеттерден кениялық желаяқтар Норе Джируто мен Дейзи Джепкимей 3 000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден қатысады. Шанхай - «Гауһар лиганың» екінші кезеңін қабылдайды. Әйелдер арасындағы үш қарғып секіру мен 3 000 метрге кедергілер арқылы жүгіру осы кезеңде алғаш рет қосылады. Айта кетейік, «Гауһар лигаға» биылғы маусымда Altay athletics клубынан тағы бір кениялық желаяқ Каролин Кипкируи өнер көрсетеді. Ол 5 000 метрге жүгіруге бейімделген. Каролин 25-26 мамырда АҚШ-тың Юджин қаласында өтетін кезеңге қатысады. Былтырғы маусымда Ольга Рыпакова финалда үш қарғып секіруден жеңіске жеткен. Каролин Кипкируи 5 000 метрге жүгіруден екінші орын алды. Нора Джируто 3 000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден қола жүлдегер болған.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

История развития органов воспитательной и идеологической работы ВС РК

История развития органов воспитательной и идеологической работы ВС РК