Ақтау гарнизонында шағын футболдан турнир өтті

Ақтау гарнизонына қарасты 30153 әскери бөлімінің базасында шағын футболдан чемпионат өз мәре сызығына жетті.

Оған Ақтау гарнизоны әскери бөлімдерінің, жергілікті әскери басқару органдары мен әскери полицияның әскери қызметшілері қатысты. Жалпы алғанда, турнирге алпыстан аса футболшы қатысты. Өткізілген матч қорытындысы бойынша 30153 әскери бөлімінің командасы турнир жеңімпазы атанса, 29011 әскери бөлімінің командасы екінші құрметті орынды және 25744 әскери бөлімінің әскери қызметшілері үшінші орынды қанжығалады.
Чемпионат нәтижелеріне сәйкес аға лейтенант Е. Құбырбаев турнирдің «үздік шабуылдаушысы» атанса, ал «үздік қақпашы» номинациясында кіші сержант Б. Бекешев болып танылды. Мұндай жаппай спорттық іс-шаралар жеке құрамның дене сымбатының жай-күйі мен командалық рухты нығайту мақсатында ҚР Қарулы Күштерінің бөлімдерінде жиі түрде ұйымдастырылады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"