АОСК спортшылары – әлем чемпионатының жеңімпаздары

Мәскеуде еркін және грек-рим күресі бойынша 33-ші әлем чемпионаты аяқталды. Онда ҚР Қорғаныс министрлігі АОСК-ның спортшылары жеті күміс және сегіз қола медальді жеңіп алды.

Бес күн ішінде «Игровой» спорт залының күрес кілемдерінде 22 елден 380-нен астам спортшы өнер көрсетті.

Турнирдің алғашқы медальдары әйелдер арасында өтті. ҚР Қорғаныс министрлігі АОСК-ның төрт спортшысы сынға түсіп, нәтижесінде 50 келі салмақта Наргиз Икрамова, 65 кг салмақ дәрежесінде Альбина Қайыргелдинова және 75 келі салмақта Гүлмарал Еркебаева иеленді күміс медальді еншіледі. Ал, 57 келі салмақ дәрежесінде Эмма Тисинге қола медаль тиіселі болды.

Еркін күресшілер арасында күміс медальдарды салмағы 92 кг салмақта кіші сержант Әділет Давлумбаев пен 125 кг салмақта қатардағы Нұржан Өмірбеков жеңіп алды. Ал, қола 61 кг салмақ дәрежесінде ефрейтор Елдос Әбікеновке, салмағы 70 келіде қатардағы Азамат Шағапұлына, 74 келі салмақта Байболсын Құрманбековке, кіші сержант Ғалымжан Өсербаев пен 86 кг дейінгі салмақта Нұрдәулет Көктебаевқа бұйырды.

Грек-рим күресінен АОСК спортшысы Аманғали Бекболатов (55 келі салмақта) пен 82 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде ефрейтор Асхат Ділмұхамедов әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерінің қоржына 63 кг дейінгі салмақта Мейрамбек Айнағұлов және 77 келіге дейінгі салмақта Мақсат Ережепов қола салды.

Айта кетейік, Ресейдің Мәскеу қаласында өткен күрес түрлерінен әскерилер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамасы 319 ұпай жинап, жалпыкомандалық есепте екінші орынға табан тіреді.

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"