Басылымға ақ жол!

«Республикамыздың Қарулы Күштерін Қорғаныс министрлігінің «Қазақстан сарбазы» газетінің алғашқы санының жарыққа шығуымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл басылым жауынгерлер мен офицерлердің сенімді көмекшісі әрі адал досы болады деп ойлаймын. Оларды жалынды сөздерімен әрдайым әскери шеберліктерін шыңдап отыруға, қырағылықты арттыруға және әскери тәртіпті нығайтуға шақырады деп үміттенемін.

Газет Республиканың қорғаныс саласының  және әскери қызметшілердің мақсат-мүддесін, аталмыш саланың басқа мемлекеттермен өзара достастығын жеткізіп отыруы тиіс. Жастардың әскери борышын адал атқаруына, еліміздің ерлік жолын үлгі ете отырып, олардың бойына патриоттық сезім ұялатуға түрткі болуы маңызды. Халықаралық келісімді нығайту мәселесі мен әскери бауырластық жағдай басылымның басты назарында болуы тиіс.

Еліміздегі қоғамдық-саяси өмірдің сан алуандығы кең ауқымда көрсетіліп отыру керек. Қазақстанның ауқымды басылымдарының қатарына қосылған  «Қазақстан сарбазы» газеті редакциясының ұжымына шығармашылық табыс, жауапты тапсырмаларды сәтті орындауларын тілеймін».

Қазақстан Республикасының Президенті

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ


«Сарбаз» - республикалық әскери-патриоттық апталық газет.

«Сарбаз» газеті жұмасына бір рет шығады. 

Газет ТОО «Астана полиграфснабKZ» баспаханасында басылып шығады. Көлемі - 20 бет (10 бет - қазақ тілінде, 10 бет - орыс тілінде) А3 форматпен.

1992 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық баспасөз органы – "Қазақстан сарбазы – Воин Казахстана" газеті құрылған болатын. 2007 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің Директивасы негізінде Қарулы Күштердегі ұйымдастыру-штаттық шараларына байланысты "Қазақстан сарбазы – Воин Казахстана газеті таратылды. Кейін аты "Сарбаз" деп аталды. 

«Сарбаз» газетінің түпкі шығу тегіне тоқталсақ - осы бағытта 11 ақпанда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде дөңгелек үстел өтті. Осы отырыста «Қазақстандағы әскери баспасөздің тарихы 1992 жылдан емес, 1969 жылы шыққан «Боевое Знамя» және одан әрі 1929 жылы тұңғыш қазақ тілінде шыққан «Қызыл әскер» газетінен бастау алады» деген өз топшылауын жеткізді. Бұдан бұрын газет 1992 жылдан 16 желтоқсаннан бастап шығады деп саналатын.

Нақтырақ осы сілтемеден оқи-аласыз:

Қазақстанның әскери баспасөзінің ғасырға жуық тарихы бар

Газеттің дизайны қалай өзгерген:

"Сарбаз" газетінің алғашқы нөмері - №1 - 16 желтоқсан 1992 жыл



1993 жыл



2007 жыл


2007 жыл


2007 жыл


2008 жыл


2010 жыл


2014 жыл


2014 жыл


2015 жыл


2015 жыл


"Сарбаз" газеті №37 - 15 қыркүйек 2017 жыл
Жаңа нөмір

"Сарбаз" газеті №37 - 15 қыркүйек 2017 жыл

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Армейские международные игры-2017: итоги в цифрах

Армейские международные игры-2017: итоги в цифрах