ТОЗ-8 винтовкасы

Кіші калибрлі винтовкадан атыс жүргізу ережелері мен тәсілдері

Кіші калибрлі винтовкадан дәлдеп атуды үйренетін бірнеше әдіс-тәсілдер:

–       атысқа оңтайлану;

–       көздеу;

–       шүріппені басу.

Атуға оңтайлану. Атыс дәлдігінде ең маңыздысы адам мен мен винтовканың қозғалмауы. Ол үшін ыңғайлы жағдай- жатып ату. Өйткені ол атқыш пен винтовканың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Жатып атуға оңтайлану үшін ыңғайлану, оқтау мен винтовканы орнықтыру қажет. Винтовканы алға қаратып, оң қолда ұстап,  оң аяқпен алға еңкейіп сол тізеге тұру қажет. Кейін сол қолмен жерді тіреп, сол аяқтың жамбасымен сол қолдың білегіне ығысады. Сол бүйіріне жатып аяқтарының ұшын сыртқа алшақтатады. Дене корпусы атыс жазықтығына 25-35 градус болу керек.

Винтовканы оқтау оң қолмен жүргізіледі. Мылтықты орнықтыру үшін сол қолдың шынтағы винтовканың астына келтіріледі. Ал білек құндақтың сол қолдың алақанына толық жататындай болуы керек. Дүм иыққа тіреліп, саусақ атқыш ілмекті басады. Оңтайланып болған соң көздеу үшін бірнеше секундқа екі көзді жұмып, оң не сол көзді ашып қаруды нысанамен салыстырады. Қарауыл көздеу нүктесінің дәл астында қалу керек.

Көздеу дегеніміз қарудың ұңғы арнасынан  нысананы жоюға  қажетті бағыт беру деген сөз. Дәл көздеу «тегіс қарауыл» деп аталады. Көздеу кезінде орын алатын  қателіктер «ұсақ қарауыл», «ірі қарауыл», оң не сол жаққа ауытқу болуы мүмкін.

Атыс дәлдігінде тыныс алу да маңызды. Шүріппені басу кезінде дем шығарылса қару тербеліп оң немесе сол жаққа  ауытқып кетуі мүмкін. Сондықтан шүріппені басар алдында тыныс алып, сәл дем шығару керек және 7-10 секундтай дем шығармаған жөн. Шүріппені ағыту кезінде де сұқ саусақты ағытқыш  ілмектің соңына дейін толық басып,тегіс қарауыл көздеу нүктесімен ең жақсы үлесу сәтінде ағытқыш ілмекті босату қажет, олай болмаған жағдайда мылтық қозғалып, оқ қисық кетуі мүмкін.

Атыс дәлдігінің негізі қару тұрақтылығы, дұрыс көздеу және шүріппені басудан тұрады.

                           

Қ. Төлегенов,

Батыс Қазақстан облысы

Сырым ауданы

Сырым орта мектебі

Скачать оригинал
Көшірмеге қайта келу
Пікірлер

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"