Ұлықпан Жолдасов, композитор, әнші: "Әскердің заңына бағындық"

Ұлықпан Жолдасов, композитор, әнші: "Әскердің заңына бағындық"

– Аға, Қазақстанда бірінші болып аудиоальбом шығардыңыз. Музыкадан арнайы біліміңіз бар шығар?

–Музыкадан арнайы білімім жоқ, бірақ олсыз өмір сүре алмаймын. Ең бастысы, адамға түйсік керек екен. Музыканы жан-тәніңмен қабылдап, түсіне білу қажет. Кезінде үш оқу орнының табал­ды­ры­ғын аттадым. Шыны керек, үшеуін де қатырмадым, еш­қайсысын аяқтамай, ке­тіп  қадым. 

–Қанша жыл болды, қайта-қайта топ құрудан шаршамайсыз. “Каспий, “Заман”, “Диета кz”, ”Батыс”, “Дауыс кz” сынды топтардың жетекшісіз. Жалпы, мақсатыңыз не?

–Әу баста он бес жылдай филармонияда жеке әнші болдым ғой. Адам жалғыз жүріп те жалығады екен. Әсіресе, концерт бергенде еш нәрсеге үлгермей, қиналатынмын. Сол кезде-ақ, топ құру ойымда жүрді. Рас, басында сәтсіз шыққан жобаларым болды. Жалпы, мен жаңалықты жақсы көретін адаммын. Сондықтан, талантты жігіттердің басын қосып, өнерлерін шыңдағым келеді.

– Сізді жұрт әншілікпен қоса, сазгер ретінде де таниды. Әуенді шабыт келгенде жазасыз ба?

–Мен шабытты күтіп отырмаймын, көп еңбектенемін. Таң атқаннан кеш батқанша студияда жүремін. Әуен ойламаған жерде тууы мүмкін. Кейде күні-түні отырсаң да, түк шықпайды. Өз әндерімнің көпшілігі көңілімнен шыға бермейді.

–Ал, әскери-патриоттық әндердің сапасы туралы не айтасыз?

– Біздегі бір мәселе, патриоттық рухтағы әндерге жаңа форма іздеу керек. Бұрынғы формаларды бұзып-жарып, бүгiнгi жастарға ұнайтын жеңiл ырғақты, тез жатталатын әндер жазылса, дұрыс болатын сияқты. Ән қалай болса, солай жазыла бермеуі керек. Әнге де қойылатын талаптар бар. Мәселен, Қайрат Жүнісовтың «Алға, қазақ жігіттері» деген әні патриоттық сезімді оятатын туынды дер едім. Өлеңнің мазмұны, әннің ырғағы тыңдарманның көңілінен шыққан сияқты.

Бізде әскери-патриоттық әндер аз емес. Менің ойымша, бұл тақырыптағы әндер дұрыс насихатталмайды. Сол себепті, олар сарбаздарға да, халыққа да жетпей жатады. Егер де, патриоттық әндерді жүйелі түрде жарнамалап, олар телеарналардан, радиодан жиі беріліп отыратын болса, санада сақталар еді.

–Әскерде болған кезіңіздегі бір  қызықты оқиғаны еске түсірсеңіз...

–Әскер – ер жігіттің өміріндегі ең маңызды әрі ұмытылмас кезең. Өз басым әскери өмірді сонау Сібірдің Забайкальский өлкесінде өтедім. Бұл 1984-1986 жылдар болатын.  Сібірдің қысы ерекше қатты еді ғой. Алғашқыда жат жерді жерсіне алмай жүрдім. Тіпті,  Тайганың қақаған қысында  аяғымды, мұрнымды, тағы бірде бетімді үсіріп алғанмын.

Жас сарбаз болған соң алғашқы айларда таяқты та жегенбіз. Бірақ, темірдей тәртіптің арқасында сүйегіміз қатайып, түрлі тактикаларды меңгердік. Таңның атысынан кештің батысына дейін осылай күніміз өтіп кетті. Әке-шеше, ағайын-туысты сағынсақ та әскердің заңына бағындық. Елге оралған соң бүкіл туған-туыс үйге жиналып, кәдімгідей той жасағанбыз. 

–Біздің басылымның әскери оқырмандарына тілегіңіз...

-Қарулы Күштеріміздің қуаты нығайып, айбыны асқақтап, даңқы арта берсін!


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: основные причины ДТП

Инфографика: основные причины ДТП