Полковник Тұрдалы Тұрғынбаев: «Сардарларымыздың жауынгерлік дайындығына ден қойылуда»

Полковник Тұрдалы Тұрғынбаев: «Сардарларымыздың жауынгерлік дайындығына ден қойылуда»
© sarbaz.kz

Өткен жылдың қазан айында 68665 әскери бөлімінің командирі болған генерал-майор Алмаз Джумакеев Мемлекет басшысының Өкімімен ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалған. Бүгінде ҚР Аэроұтқыр десантты-шабуылдау 36-шы бригаданы полковник Тұрдалы Тұрғынбаев басқарады. Әскери бөлімнің  тыныс-тіршілігімен танысып, бригада командирімен сұхбаттасып қайтқан едік.

- Полковник мырза, сізді жаңа қызметіңізбен құттықтаймыз. Елордамыздағы басты әскери орын саналатын бригадада қандай жаңалықтар бар? Биылғы жылдың жоспарларымен бөліссеңіз?

         - Көп рақмет! Ең алдымен ағымдағы жылдың басты жаңылықтарына тоқталайын. Наурыз айында өтетін сайлаудың науқаны басталып та кетті. Соған байланысты біраз жұмыстар атқарылуда. Бұдан бөлек, «Кадекс-2016» халықаралық көрмесіне де қызу дайындық жүргізудеміз. Өзіңіз айтып өткендей, басты әскери бөлім болғандықтан шараны өткізудегі жұмыстың 90 пайызы біздің әскерилерге жүктелген. Жаңадан келгер техникалар, қару-жарақтардың барлығы осы бригаданың алдынан өтеді. Яғни, бізде сыналады. Әскерилер су жаңа техникалар мен қару-жарақтардың бүге-шігесіне дейін білгендіктен көрмеде шет елден келген қонақтарға таныстыру жүктелген. Бұл да үлкен міндетеріміздің бірі.

         Бұдан бөлек, биылғы оқу жылы «Мәңгілік ел» тұғыры – Қуатты Армия!» атты ұранмен басталғанын білесіздер. Сардарларымыздың жауынгерлік дайындығына аса ден қойылуда. Соған сәйкес, барлық әскерилердің көңілін тек қана әскери оқу-жаттығуларға бұрудамыз. Мәселен, осы бригадада техника жөндеу қызметі пункты бар. Онда әскерилер техникаларды жөнге келтіріп отырады. Биылдан бастап, бұл жұмыс эсперимент ретінде Семей инжиниринг компаниясына жүктелді. Ендігі де, әскерилер сондай-сондай қызметтерден бір жола босап, тек қана қорғаныс күшінің күшеюуіне ат салысатын болады.

         Қаңтар айында әр әскеридің жеке дайындығы жүргізілуде. Оның мамандығы мен қызметіне қарай дайындық болады. Ақпан айында бөлімшелердің жауынгерлік даярлығы өтеді. Наурызда взвод, рота, батальон бойынша дайындықтар жүргізіледі деп жоспарлануда. Жыл соңы бригадалық-тактикалық оқу жаттығуымен аяқталады.

         - Биыл бригада әскерилері халықаралық дәрежедегі оқу-жаттығуларға қатыса ма?

         - Биыл ҚР Қарулы Күштерінде 14 сайыс өтеді деп жоспарланып отыр. Ол сайысқа оғландарымызды аттандырмас бұрын, бригада ішінде жарыс өткізіп іріктейміз. Одан кейін, Құрлық әскерлері арасындағы жарысқа қатысады. Егер жақсы нәтижелер көрсетіп жатса, халықаралық сайыстарға қатысуға мүмкіндік беріледі. Мәселен, биыл мергендер арасындағы жарыс, танк биатлоны, артиллерия, тыл бойынша, медицина жағынан жарыс, үздік десанттық взводты анықтау сияқты жарыстар өткізу жоспарланған.

         - Ал, осы уақытқа дейін әскери бөлім қызметкерлері халықаралық жарыстарға қатысты ма?

- Иә, әрине! Төрт жыл қатарынан танк биатлоны жарысына қатысқан. Былтыр өткен сайыстардың саны 7-еу ғана еді. Биыл 14-ке жетті. Менің ойымша, әскерилердің кәсібилігін арттыратын осындай жарыстар керек.  Сайыстардың саны да, сапасы да артқаны жақсы.

Күн тәртібі бойынша біздегі әскерилер таңғы сағат 9-дан түскі 1-ге дейін сабаққа қатысады. Яғни, ату, жаттығу, дене шынықтыру, топография және өзге де өз қызметтеріне байланысты сабақтарына қатысады. Содан кейін, түскі сағат  3-тен 5-ке дейін тағы сабақ. Сағат 5-тен, 6-ға дейін денешынықтыру. Далалық шығуларды жасап тұрамыз. «Спасск» полигонына барып, жаттығып қайтамыз. Онда бригададағыдай емес, сабақ кестесі көптеу. Түнгі сабақтар қосылады.

- Тек бригаданың ғана емес, ҚР Қарулы Күштерінің бетке ұстар Құрмет қарауыл ротасы жөнінде де айта кетсеңіз. Қандай өзгерістер бар?

- Бұл арнайы бөлімше Қазақстан әскерінің бет-бейнесі. Құрмет Қарауыл ротасына түрлі салтанатты рәсімдерге қатысу, Мемлекеттік Ту мен Елтаңба этолондарын алып жүру құрметі берілген. Жалпы күн тәртібі қалыпты әскерилерден қатаңдау. Тамақтанулары да өзгеше. Жаттығулары да бөлек. Өйткені олар ерекше маңызды мемлекеттік нысандарды күзетеді, төтенше жағдайда тиісті заңмен белгіленген іс-шараларға қатысады. Талабы күшті Құрмет қаруыл ротасында бүгінде 90-нан астам әскериміз бар. Осыдан бір апта бұрын ғана 30 жас сарбазды қабылдадық. Оған үлкен іріктеу жүргізіледі. Бойы, түр-тұлғасы барлығы ескеріліп, алынды. Бүгінде жаңадан сапқа қосылған сардарлар  бекітілген күн тәртібі бойынша жаттығуда. Айына Құрмет Қарауыл ротасының қатысуымен 3-4 шара өтіп тұрады.

- Қызметтік тағайындаулар немесе әскери қызмет персоналдарын көбейту жағы қалай?

- Қызметтік орындардың 98 пайыздайы бар. ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов мырза ағымдағы жылдың 10-шы қаңтардан бастап, шақыруға рұқсат берген. Сол рұқсат берілген күннен бастап, жетпеген адамдарды алып жатырмыз. Солай қызметтік орындарды толтырудамыз.

- Әскерилерді әлеуметтік мәселесі қалай шешілуде?

- Әскерилердің әлеуметтік жағдайы басты назарда.  Әскерилеріміздің 90 пайызы баспанамен қамтамасыз етілген. Пәтер жалдап тұратын әскерилердің пәтер ақысының шығынын мемлекет көтереді, яғни өтемақысы беріледі.
Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер
Тақырып бойынша материалдар:

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи