ӘСКЕРИ ҒАЛЫМ

ӘСКЕРИ ҒАЛЫМ

Бұл арнаулы бетіміздің бет-пердесін биыл 85 жасқа толып отырған Қазақстан Қарулы Күштерінің ардақты ардагері, еліміздің еңбек сіңірген қоғам қайраткері, профессор, әскери ғылымдар докторы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы әскери ғылымдар академиясының мүшесі отставкадағы полковник Ким Серікбайұлы Серікбаевтың әскери ғылымға қатысты тұшымды ой-түйіндерімен ашқанды жөн санадық.

***
Әскери ғылымның ахуалы туралы айтар болсақ, оның іргетасы бекем қаланды деп айтуға болады. Еліміз тәуелсіздік алғанға дейін әскери ғылымымыз әрі-сәрі күй кешті, онымен нақты шұғылданушылар болған жоқ. Біздің мүмкіндігіміз кешегі Одақ жүйесінде әскери мамандарды даярлауға, оның әскери-өнеркәсіп кешені белгіленген міндеттерді орындауға ғана жұмсалды. 90-жылдардың басында біздің офицерлерден әскери ғылымның 5 кандидаты ғана болды. Екі ғана әскери оқу орнымыз бар-ды. Олар: Алматының Жоғары жалпы әскери командалық училищесі және Жоғары шекаралық училище. Бүгінде қуатты құрылымдар саласында офицер даярлайтын әскери және арнаулы оқу орындарымыздың саны онға жуықтаса, бірнеше әскери мектептер бар. Осы салада әскери-техникалық ғылымның 20-ға жуық кандидаты, он шақты доктор еңбектеніп жүр.

***

Болашақ генералдар білім алатын Ұлттық Қорғаныс университеті Астанаға қоныс аударып, бірқатар жаңа әскери кафедралар ашылды. Осылардың арасында маңызды деп «Әскери өнер және тарих» кафедрасының ашылуын айтар едім. Болашақта аталмыш кафедра түлектері қазақ батырларының соғыс тактикасын зерттейтін болады. Қорғаныс министрлігі жанынан «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ ашылып, ғылымды дамыту бағытында жұмыс жасауда.
***

Бұрынғы жүйе негізінде жұмыс істейтін диссертациялық кеңестердің қызметін тоқтату дұрыс. Олар, біріншіден, ғылымның кейбір саласында дипломдыларды «үйірімен үш тоғыздап» тым көбейтіп жіберді, ал ол мамандардың бір тобы одан арыда ғылымға жоламай кетсе, бір тобы ғылыммен шұғылданғысы келсе де, мамандығы бойынша бос орын таба алмады. Екіншіден, Болон декларациясы талабына орай кадр даярлау жүйесіне көшу ғылыми зерттеулерді бағалаудың жаңа тәсілдерін талап етеді. Сондай-ақ, біздей әскери мамандардың пайымдауынша, өтпелі кезеңде 2-3 жыл, әсіресе, дипломды әскери ғалым жетіспеген жағдайда әскери ғылым бойынша диссертация қорғаудың бұрынғы қалпын сақтай тұру қажет болды. Өйткені дайындалған диссертацияларда ұлттық, әскери қауіпсіздік мәселелерін діттеген небір тиімді ұсыныстар бар. Өзіміздің әскери ғылым докторларымыз жеткілікті болғанда біз ТМД елдерінің мамандарына жалтақтамаймыз, кандидаттық және докторлық диссертация қорғау жұмыстарын өзі қабылдайтын пәрменді диссертациялық кеңесіміз болады.
***
Ғылым атаулы, зерттеушілерден зерделілікті талап етеді. Өзге еңбек түрлеріндей, ғылыммен күш-жігер мен құлшынысың мол кезде шұғылданған жөн. Кейде олай бола бермейді. Арадағы 37 жыл десек, бұл мерзімде ғылыми жұмыстарымда саябырсу, үзіліс болған жоқ. Кандидаттық диссертациямның өзегі жауынгерлік іс-қимыл мәселелерін сол кездегі қару-жарақ пен техниканы пайдалана зерттеу еді. Ал докторлық жұмысым әскери-ғылыми зерттеулерді өзіміз жүргізіп, өзіміз реттеуді қамтыды. Менің мақалаларымды оқып ж.ретін көзі қарақтылар әскери мамандарды, оның ішінде ғалым кадрларды кадрларды даярлаудың маңызын саралағанымды, сол бағытта қандай ұсыныстар енгізгенімді білетін шығар. Диссертациялық еңбегімді дайындап, қорғап шығуыма Ресейдің, Белоруссияның, Украинаның әскери
Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи