Басылымға ақ жол!

«Қазақстан сарбазы» газеті еліміздің қорғанысы мен оны қорғаушылардың мақсат-мүддесін жеткізуші болуы тиіс»

Нұрсұлтан Назарбаев

Басылымға ақ жол!

Республикамыздың Қарулы Күштерін Қорғаныс министрлігінің «Қазақстан сарбазы» газетінің алғашқы санының жарыққа шығуымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл басылым жауынгерлер мен офицерлердің сенімді көмекшісі әрі адал досы болады деп ойлаймын. Оларды жалынды сөздерімен әрдайым әскери шеберліктерін шыңдап отыруға, қырағылықты арттыруға және әскери тәртіпті нығайтуға шақырады деп үміттенемін.

Газет Республиканың қорғаныс саласының  және әскери қызметшілердің мақсат-мүддесін, аталмыш саланың басқа мемлекеттермен өзара достастығын жеткізіп отыруы тиіс. Жастардың әскери борышын адал атқаруына, еліміздің ерлік жолын үлгі ете отырып, олардың бойына патриоттық сезім ұялатуға түрткі болуы маңызды. Халықаралық келісімді нығайту мәселесі мен әскери бауырластық жағдай басылымның басты назарында болуы тиіс.

Еліміздегі қоғамдық-саяси өмірдің сан алуандығы кең ауқымда көрсетіліп отыру керек. Қазақстанның ауқымды басылымдарының қатарына қосылған  «Қазақстан сарбазы» газеті редакциясының ұжымына шығармашылық табыс, жауапты тапсырмаларды сәтті орындауларын тілеймін.

Қазақстан Республикасының Президенті

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: минно-тральный корабль "Алатау"

Инфографика: минно-тральный корабль "Алатау"