Зымыраннан оқ атулар орындалады

   7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Отар» құрамалары мен бөлімдерінің әскери полигонында өтетін еліміз Қарулы Күштерінің әскери  парадына «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 36803 әскери бөлімінен «Смерч» зымыран дивизионының және «Точка - У» зымыран құрама дивизионының жеке құрамы қатысады.

Жалпы әскери бөлімнің парадтық есептобына подполковник Жанат Баймұхамбетов басшылық етеді. «Смерч» зымыран дивизионының командирі майор Мұрат Акимбаев жауынгерлік парадқа осымен бесінші мәрте қатысып отыр. Ол алғаш 2010 жылы штаб бастығы – зымыран дивизионы командирінің орынбасары лауазымында «»Точка –У» парад есеп тобын басқарған. 2013 жылы «Точка - У» зымыранынан жауынгерлік атуды жүзеге асырды.

   Биыл жауынгерлік парадқа әскери бөлімнен 86 әскери қызметші қатысып, 32 дана техника қамтылды. Сондай-ақ, іс-шараларға қосымша зымыран-техникалық қамтамасыз ету дивизионы мен материалдық-қамтамасыз ету батальонының жеке құрамы да атсалысады. Жауынгерлік парадта «Смерчь» зымыран дивизионы мен «Точка - У» дивизионының жауынгерлік оқ атуы жоспарланып отыр. «Точка -У» зымыран дивизионының командирі майор Нұрлыбек Найманов. Ал, «Смерчь» зымыран дивизионынан бір құрама батареясынан төрт есептоп, «Точка-У» зымыран дивизионынан екі құрама батареясының төрт есептобы қатысады. Олардың арасында үздік батарея командирі капитан Мейірбек Темірханов, үздік батарея командирінің орынбасары лейтенант Еділ Кемелбаев, үздік взвод командирі 3-ші сынып сержанты Нұрланбек Сыдықов, үздік батарея сержанты 3-ші сынып сержанты Алтынбек Қуандықов, үздік бөлімше механик – жүргізушісі сержант Руслан Қалиақпаров, үздік есептоп бастығы 3-ші сынып сержанты Асхат Есқалиев, үздік маман (жүргізуші) сержант Ахмет Ниязов, үздік есептеуші сержант Әділбек Қамбетов бар.

 

Алуа ИСКАКОВА


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

Броньды машиналар кәсіпорны

Броньды машиналар кәсіпорны

БКМ "Барыс 8х8"

БКМ "Барыс 8х8"