«За строкой Послания» атты кездесу өтті

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру шеңберінде Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, халықаралық істер, қорғаныс пен қауіпсіздік жөніндегі комитет мүшесі Абай Тасболатовтың оқытушылар құрамы және жасұландықтармен кездесуі өтті.  

«Мемлекет басшысы білім саласын дамыту арқылы еліміздің адами капиталын арттыруға бағытталған тұтас саясатты құруда. Жолдауда білім беру жүйесінің барлық деңгейлері заманауи шындық пен экономика қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс және оқытушы кәсібінің беделін арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударылады. Басты бағдарламалық құжатта келешек жылдарға мемлекеттің дамуының маңызды басымдықтары арқау болып отыр. Сөзсіз, алда қыруар жұмыс күтіп тұр. Азаматтардың қолдауымен және жоғары азаматтық жауапкершілік болғанда Мемлекет басшысы қойған барлық тапсырмалар сапалы әрі тиімді орындалатын болады», - деп Абай Тасболатов атап өтті.
Мектеп ұжымы Жолдауды бірауыздан қабылдады және Отан игілігі үшін осы бағдарламаны іске асыру жөнінде адал жұмыс атқаруға әзір. Кездесу соңында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауы барша еліміз үшін маңызды қоғамдық-саяси оқиға болып табылатыны туралы айтылды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"