Взвод сержанттарының біліктілік курсы

Взвод сержанттарының біліктілік курсы

ҚР Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусы базасында ағымдағы жылғы қазанның 23-і мен қарашаның 18-і аралағында взвод сержанттары біліктілікті арттыру курсынан өтуде

Курстан өтуге түрлер, әскер тектері және өңірлік қолбасшылықтардың 40-тан аса взвод сержанты тартылды. Бағдарламаға сәйкес сержанттар тактикалық, атыс, дене даярлығы, әскери топография, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және көшбасшылық сияқты пәндер бойынша оқудан өтуде. Сержанттар құрамы үшін сержанттардың базалық курсынан бастап взвод, рота мен батарея, батальон және дивизион, штабтар, бригада, базалар мен полктердің сержанттары курсына дейін дайындықтың жеті деңгейі қарастырылған. Курстар Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бұйрығы негізінде өткізілуде.
Ағымдағы жылы ҚР Қарулы Күштерінің он бір мыңнан аса сержанты әртүрлі дайындық курстарынан өткенін айта кету қажет. Қазақстанның Қарулы Күштерінде сержанттарды дайындауға үлкен мән беріледі. ҚР ҚК-нің сержанттар корпусы әскердің жауынгерлік қабілеттілігін нығайту жөнінде бірқатар маңызды тапсырмаларды орындайды. Атап айтқанда, сарбаздардың жеке жауынгерлік және дене даярлығы, әскери тәртіпті ұстап тұру және әскери қызметшілерге тәрбие беру, әскери қызмет өткерудің қауіпсіз жағдайын қамтамасыз ету, қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану. Сержанттарды даярлаумен байланысты барлық іс-шараларды ҚР ҚК Бас штабының Сержанттар құрамымен жұмыс басқармасы ұйымдастырып, өткізеді.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер
Тақырып бойынша материалдар:

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений