Ұлттық ұланда біліктілік арттыру курстарынан өткен офицерлерге куәліктер табысталды

9 қараша күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығында біліктілік арттыру курстарынан өткен офицерлерге куәліктер табыстау рәсімі өтті.

ҚР Қарулы Күштері Бас штабы академиясы факультетінің бағдарламасы бойынша барлығы 143 офицерге куәлік тапсырылды, деп хабарлайды    ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі. Ұлттық ұланның маңызды міндеттерінің бірі - кәсіби-лауазымдық даярлық және офицерлердің біліктілігін арттыру.

Осы мақсатта әскерде барлық санаттағы әскери қызметшілермен оқу-әдістемелік жиындар және семинарлар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. ҚР Қарулы Күштері Бас штабы академиясы факультетінің бағдарламасы бойынша біліктілік арттыру курстарын өткізу бастамасын Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов көтерген болатын. Руслан Фатихұлының шешімімен, 2016 жылдың сәуір-қараша айларында Ұлттық ұлан Бас қолбашылығында офицерлердің біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылды. Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының офицерлерімен қатар, курстық даярлықтан Ішкі істер министрлігінің, Бас әскери прокуратураның, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты Шекара қызметінің қызметкерлері де өтті.
Дәрістерді Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Ұлт Көшбасшысы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті Бас штаб факультетінің оқытушылық құрамы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқытушылары, Сыртқы істер министрлігінің, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының және «Әскери-стратегиялық зерттеулер институты» акционерлік қоғамының қызметкерлері жүргізді.

Аталмыш курстардың мақсаты - офицерлерді өңірлік қауіпсіздік, қорғаныс, мемлекеттің әскери ұйымдарының ахуалы мен даму перспективалары, оперативтік сәйкестікті жетілдіру жөніндегі  заманауи жаңашылдықпен таныстыру, сонымен қатар әскери стратегия, оперативтік шеберлік және әскерді басқару жолында ортақ мүдде қалыптастыру екенін айта кетейік. Тыңдаушылар алдында сөз алған Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы Қорғаныс министрлігі мен ҚР Тұңғыш Президенті - Ұлт Көшбасшысы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің басшылығына жоғарыда аталған курстардың өтуіне қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. Ол сондай-ақ, біліктілік курстарының офицерлердің білімдері мен қабілеттерін шыңдауға ықпал ететінін, мемлекеттің әскери саласы мен әскер басқару ісіне пайдасын тигізетінін атап өтті.  

ҚР Тұңғыш Президенті - Ұлт Көшбасшысы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асхат Рыспаев та өз кезегінде барлық тыңдаушыларды куәліктерімен құттықтап, Ұлттық қорғаныс университетінің біліктілікті арттыруға арналған осы тектес курстардың, ағарту шараларының өткізілуіне көмек қолын созуға әрқашан дайын екенін жеткізді. ҰҚК Шекара қызметінің Тәрбие, әлеуметтік-құқықтық және кадрлық жұмыстар бас басқармасы бастығының міндетін атқарушы полковник Нұрлан Керімбаев барлық тыңдаушылар атынан ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Куәліктер табысталған соң, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бұйрығымен ҚР Тұңғыш Президенті - Ұлт Көшбасшысы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің басшылығы мен профессорлық-оқытушылық құрамын марапаттау рәсімі өтті. 
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"